Атырау, 17 қыркүйек 18:09
 дождьВ Атырау +25.7
$ 444.88
€ 513.26
₽ 5.28

​Орал ЖЭО-сына газ беріле бастады, ыстық су кешке жүреді деп күтілуде

48 рет қаралды

Орал ЖЭО-сына 17 қыркүйек күні таңертең  газ беріле бастады.

«Жайықжылуэнерго» кәсіпорнының бір миллиард теңге берешегі қалалық бюджеттен өтеледі, деп хабарлайды «Уральская неделя» әкімдікке сілтеме жасап.

Газ беру қалпына келтірілгеннен кейін станцияда жабдықтарды іске қосыла бастады. Басылымның мәліметінше, ыстық су тұрғындардың үйлеріне 17 қыркүйек кешке қарай беріле бастауы тиіс.

Бұған дейін ЖЭО «QazaqGaz Aimaq» компаниясы алдындағы 3,7 млрд теңге мөлшеріндегі берешегі үшін газдан ажыратылғаныбелгілі болған еді. Орал әкімі Мұрат Байменов жеткізуші тарап қарызды толық өтеуді талап еткенін, алайда кәсіпорын бүкіл соманы бірден төлей алмағанын хабарлаған болатын.

Нәтижесінде бюджеттен бір миллиард теңгені өтеуге, ал қалған қарызды белгіленген кесте бойынша өтеуге келісім жасалды.

Бүгін, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.