Атырау, 17 қыркүйек 19:40
 дождьВ Атырау +25.7
$ 444.88
€ 513.26
₽ 5.28

Атырауда полиция патрульдерінің бағыты жасанды интеллект арқылы реттеледі

86 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Атырау қаласында қоғамдық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді анықтауға және олардың алдын алуға бағытталған «Атырау қаласының цифрлық картасы» атты жасанды интеллект платформасы іске қосылып жатыр.

Жүйе құқық бұзушылықтар туралы деректерді талдап, ерекше назар аударуды қажет ететін аумақтарды анықтайды. Алынған талдау патрульдік полицияның маршруттарын бағыттауға және нақты мекенжайларда профилактикалық шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ QR-кодтар арқылы тұрғындар проблемалық учаскелер мен қауіпсіздікке әсер ететін факторлар туралы ақпарат бере алады.

- Цифрлық шешімдер нақты проблемалық учаскелерді анықтап, уақтылы шаралар қабылдауға көмектесуі тиіс. Бұл ретте анықталған әрбір мәселе бойынша жауапты орган нақты нәтижеге жетуі қажет, - деп атап өтті Атырау қаласының прокуроры Мерген Меңдіғалиев.

Сонымен қатар нашақорлық, лудомания, суицид және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар пысықталуда. «5 минуттық құндылық» жобасы спорттық секцияларда да іске асырылды.

Аталған мәселелер «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңды іске асыру аясында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатысуымен өткен кеңейтілген мәжілісте талқыланды.

Кеңесте хабарланғандай, қабылданып жатқан профилактикалық шаралардың нәтижесінде қаладағы қылмыстың жалпы деңгейі 12,5%-ға, ауыр қылмыстар 21,3%-ға, ұрлық 22%-ға, бұзақылық 31,8%-ға төмендеді. «Вокзал маңы» шағын ауданында қылмыстар саны 25%-ға азайды.

Бүгін, 18:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.