Атырау, 18 қыркүйек 01:16
 дождьВ Атырау +21
$ 444.58
€ 510.29
₽ 5.27

«Силлено» жобасы 54%-ға дайын: Атырауда алып баған орнатылады

73 рет қаралды

Атырау облысында құны 7,6 млрд АҚШ долларын құрайтын «Силлено» газ-химия жобасының іске асырылу барысы талқыланды. Жоба аясында жылына 1,2 млн тонна полиэтилен өндіру жоспарланып отыр.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовтың «Técnicas Reunidas» компаниясының өкілі Оскар Ломбермен, Қазақстан мұнай-газ кеңесінің төрағасы Асылбек Жакиевпен және Президиум төрағасы Рзабек Артығалиевпен кездесуінде айтылды.

«Técnicas Reunidas» өкілінің мәліметінше, жобаның дайындық деңгейі 54%-ға жетті. Жақын уақытта «Атыраунафтемаш» кәсіпорнында құрастырылған биіктігі 108 метрлік баған орнатылады. Нысанды 2028 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.

Қазір құрылыс алаңында шамамен 1 700 адам еңбек етеді, олардың 87%-ы — Қазақстан азаматтары. Келісімшарттағы 10 пайыздық қазақстандық қамту міндеттемесі 20%-ға жеткізілген.

Кездесуде жергілікті мамандарды жұмысқа тарту, қазақстандық қамтуды арттыру және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мәселелері де қаралды. Компания жыл сайын Қазақстанның 30 түлегін Мадридтегі инженерлік орталықта оқытып, кейін жобаға жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр.

Бүгін, 00:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.