Атырау, 18 қыркүйек 01:16
 дождьВ Атырау +21
$ 444.58
€ 510.29
₽ 5.27

Атырауда Олимпиада резервін даярлау орталығы ашылды

Сурет
71 рет қаралды

Атырауда Олимпиада резервін даярлайтын жаңа спорт орталығы пайдалануға берілді. 

Нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімі Болат Ақшолақов қатысып, орталықтың өңірдегі жас спортшыларды қолдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жаңа кешеннің құрылысы 2025 жылдың 1 мамырында басталған. Жобаны «Vek-Stroy-Com» ЖШС жүзеге асырды. Жалпы аумағы 1 881 шаршы метр болатын орталықта үш заманауи спорт залы және қажетті инфрақұрылым қарастырылған.

Мұнда грек-рим және еркін күрес, дзюдо, таэквондо, бокс және фитнес бағыттары бойынша жаттығуға жағдай жасалған. Спорт секцияларына 300-ге жуық жасөспірімді тарту жоспарланып отыр.

Орталық директоры Рашит Кұлбаевтың айтуынша, қазіргі таңда кешенде 16-25 жас аралығындағы 290 спортшы жаттығады. Алдағы уақытта олардың арасынан облыстық құрама жасақталып, спортшыларды республикалық, халықаралық жарыстарға және Олимпиада ойындарына дайындау көзделген. Сонымен қатар жаттығу сапасын арттыру үшін шетелдік білікті мамандарды тарту жоспарланып отыр.

Жаңа спорт орталығы Атырауда олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға, жас атлеттердің шеберлігін арттыруға және өңірдің спорттық резервін қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Бүгін, 00:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.