Франция билігі «сары жейделілердің» наразылық акциясын өткізуге тыйым салмақ. Бұл туралы елдің үкімет басшысы Эдуар Филипп мәлімдеді.
Оның айтуынша, ереуілшілер арасында бұзақылар бары расталған жағдайда ереуілге рұқсат берілмейді. Сондай-ақ енді «сары жейделілердің» қатысуымен жаппай тәртіпсіздік орын алған аудандарда да шеруге тыйым салынады.
Ал қала аумағында тәртіпті сақтау үшін ұшқышсыз ұшатын аппараттар мен видеотехника қолданылмақ.
Айта кетсек, өткен сенбіде Парижде үкіметтің экономикалық саясатына қарсы «Сары жейделілер» қозғалысының 18-акциясы өтті. Бірақ шеру басталысымен, оның арты тәртіпсіздікке ұласты. Салдарынан Елисей алаңындағы дүкендер мен банк кеңселері қираған еді.
Дереккөз: 24.kz