Ақпан айындағы «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, Атырау соңғы жылдарда алғаш рет ластану фактісінің саны бойынша Қарағандыға жол берді. Ел бойынша атмосфералық ауа жоғары деңгейде ластанған 62 жағдай тіркелді. Оның 42-сі Қарағандыда, 16-сы Атырауда және 4-уі Теміртауда.
Жіктеп қарайтын болсақ, Қарағандыда ауа салмақталған заттармен (түрлі органикалық және бейорганикалық қосылыстармен), Теміртауда – азот диоксидімен, Атырауда – анағұрлым уытты зат –күкіртсутекпен ластанған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ