Атырау, 18 маусым 19:15
 дождьВ Атырау +31.9
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

Әлемде

АҚШ пен Ресей ИМ-ге қарсы қарарды бірге әзірлейді Әлемде

АҚШ пен Ресей ИМ-ге қарсы қарарды бірге әзірлейді

АҚШ пен Ресей «Ислам мемлекеті» эктремистік тобының қаржы көздеріне қысымды күшейту мақсатында БҰҰ қауіпсіздік кеңесі қарарының жобасын бірге әзірлеп жатыр. АҚШ қаржы министрінің террор мәселелері және қаржы барлауы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Адам Сцубиннің айтуынша, бұл құжат террорлық қызметті қаржыландыруды «түбегейлі заңсыз іс-әрекетке жатқызады» және 2001 жылғы 11 қыркүйектегі шабуылдардан соң «Әл-Қаида» террорлық ұйымына қатысты қабылданған қарар қазір әзірленіп жатқан құжатқа негіз етіп алынған. 17 желтоқсан 2015, 21:03 1 951 рет қаралды
Иран зымыран сынамауы үшін АҚШ қысым жасамақ Әлемде

Иран зымыран сынамауы үшін АҚШ қысым жасамақ

15 желтоқсан күні БҰҰ "Иран санкцияларды бұза отырып, ядролық сынақ жасауға мүмкіндік беретін зымыран атты" деп хабарлаған еді. Осы хабарламадан кейін АҚШ Иранға зымыран атқызбау үшін қысым жасайтынын хабарлады. 16 желтоқсан 2015, 14:36 2 287 рет қаралды
Ресей халықаралық сот үкімін терістейтін заң қабылдады Әлемде

Ресей халықаралық сот үкімін терістейтін заң қабылдады

Ресей президенті Владимир Путин бүгін конституциялық соттың халықаралық немесе мемлекетаралық соттардың Ресейге қарсы шығарған үкімдерін орындамауға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Заң бұған дейін мемлекеттік дума мен федерация кеңесінің мақұлдауынан өткен. 15 желтоқсан 2015, 16:26 2 252 рет қаралды
Путин Мәскеуде Керримен кездеседі Әлемде

Путин Мәскеуде Керримен кездеседі

Кремль Ресей президенті Владимир Путин 15 желтоқсанда Мәскеуде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесетінін растады. Кездесуге Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та қатыспақ. Керри Путинмен кездесуіне дейін Лавровпен жеке кездеседі. 15 желтоқсан 2015, 10:00 2 116 рет қаралды
Йеменде уақытша бітім күшіне енеді Әлемде

Йеменде уақытша бітім күшіне енеді

Сауд Арабиясы бастаған коалиция қолдайтын Йемен үкіметі 15 желтоқсанда жергіліті уақыт бойынша түс кезінен бастап уақытша бітім орнайтынын хабарлады. Бітім уақыты Швейцарияда өтетін Йемендегі қақтығысты тоқтату туралы келіссөз басталатын уақытпен сәйкес келіп тұр. 15 желтоқсан 2015, 09:52 1 579 рет қаралды
ЕО Ресейге қарсы санкцияны ұзартпақ Әлемде

ЕО Ресейге қарсы санкцияны ұзартпақ

Еуропа Одағының (ЕО) жоғары шенді өкілі Азаттыққа ЕО 21 желтоқсанда одаққа мүше елдер елшілерінің кездесуінде Ресейге қарсы санкцияларды тағы жарты жылға ұзартпақ ниетте екенін хабарлады. Осылайша Ресейдің қаржы, мұнай және қорғаныс саласы мен кейбір жекелеген шенеуніктеріне салынған санкциялардың күші 2016 жылдың 31 шілдесіне дейін ұзаруы мүмкін. 15 желтоқсан 2015, 09:50 1 926 рет қаралды
Анкара: Мәскеумен қатынасты нашарлату ниетіміз жоқ Әлемде

Анкара: Мәскеумен қатынасты нашарлату ниетіміз жоқ

Анкара Мәскеумен қарым-қатынасын шиеленістіргісі келмейді деп мәлімдеді Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу. Бұл туралы ол Ресей қорғаныс министрлігі Эгей теңізінде ресейлік әскери кеменің Түркияның балық аулайтын кемесіне ескерту ретінде оқ атқаны туралы хабарлағаннан кейін айтты. 14 желтоқсан 2015, 16:44 2 558 рет қаралды
Мысыр комиссиясы A321 лайнерінің апатына теракт себеп болғаны туралы нұсқаны растамады Әлемде

Мысыр комиссиясы A321 лайнерінің апатына теракт себеп болғаны туралы нұсқаны растамады

Мысыр Синай түбегінде ресейлік A321 лайнерінің апатқа ұшырауына террорлық әрекет себеп болғанын растайтын дәлел таппады, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы әуе апатына қатысты тергеу жүргізіп жатқан комиссияның алдын ала таныстырылған баяндамасында айтылды. 14 желтоқсан 2015, 15:34 1 638 рет қаралды
Юань бағамы 2011 жылғы жаздағы деңгейге дейін түсті Әлемде

Юань бағамы 2011 жылғы жаздағы деңгейге дейін түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай халық банкі дүйсенбіде АҚШ долларына юань бағамын (долларына 6, 4495 юаньға дейін) төмендетті, делінген Қытай валюталық сауда жүйесі (CFETS) сайтындағы хабарламада. 14 желтоқсан 2015, 11:57 1 479 рет қаралды
​Daily Mail: IQ көрсеткіші Эйнштейннен де жоғары қыз бала Оксфордқа шақырту алды Әлемде

​Daily Mail: IQ көрсеткіші Эйнштейннен де жоғары қыз бала Оксфордқа шақырту алды

Сынақ нәтижелері бойынша, IQ көрсеткіші Альберт Эйнштейн мен Стивен Ховингтан да жоғары болған британдық қыз бала Николь Барр (Nicole Barr) Оксфорд университетінде білім алуға шақыру алды, деп хабарлайды РИА Новости. 14 желтоқсан 2015, 10:31 1 547 рет қаралды
Ресей Түркия әскери атташесін шақыртып алды Әлемде

Ресей Түркия әскери атташесін шақыртып алды

Ресей қорғаныс министрлігі ресейлік әскери кеме Эгей теңізінде балық аулайтын қайыққа ескерту ретінде оқ атқан оқиғадан соң Мәскеудегі Түркияның әскери атташесін келіссөз жүргізуге шақыртып алды. 14 желтоқсан 2015, 10:14 1 998 рет қаралды
​Парсы шығанағы елдері Трамптың АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне тыйым салу туралы мәлімдемесін сынға алды Әлемде

​Парсы шығанағы елдері Трамптың АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне тыйым салу туралы мәлімдемесін сынға алды

Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің басшылары АҚШ президенттігіне үміткер, республикалық партия мүшесі Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін мұсылмандардың және сириялық босқындардың атына айтылған қаскөйлік, нәсілшілдік сипаттағы сөздерін сынға алды. 11 желтоқсан 2015, 15:19 3 785 рет қаралды
​Каспийде жоғалып кеткен әзірбайжандық мұнайшылар іздестіріліп жатыр Әлемде

​Каспийде жоғалып кеткен әзірбайжандық мұнайшылар іздестіріліп жатыр

Бүгін таңертең «Гюнешли» кенішіндегі №10 платформада болған өрт салдарынан Каспийде жоғалып кеткен әзірбайжандық мұнайшыларды іздеу жұмыстары жанданды, деп хабарлайды Trend.az жедел штабқа сілтеме жасап. 11 желтоқсан 2015, 11:47 1 847 рет қаралды
Украина парламенті Яценюктің өкілеттігін қарауы мүмкін Әлемде

Украина парламенті Яценюктің өкілеттігін қарауы мүмкін

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк 11 желтоқсанда парламент алдында өзі басқаратын үкіметтің бір жылдық есебін береді. Есеп беруден соң Яценюктің үкіметі иммунитетінен айырылып, депутаттар үкіметті отставкаға жіберуі ықтимал. Себебі парламент 2014 жылдың желтоқсанында үкіметтің бір жылдық іс-қимыл жоспарын бекітіп, бір жыл уақыт берген. 11 желтоқсан 2015, 11:45 1 735 рет қаралды
Грузия: Ресей әуе кеңістігімізді бұзды Әлемде

Грузия: Ресей әуе кеңістігімізді бұзды

Грузия билігі ресейлік әскери тікұшақ елдің әуе кеңістігін бұзғанын мәлімдеді. Грузия қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, Ми-8 тікұшағы Грузиядан бөлінген Оңтүстік Осетия аймағындағы "оккупация сызығын" кесіп өтіп, бірнеше минуттан соң бағытын өзгерткен. Тбилиси оқиғаны "аймақ тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін арандатушылық әрекет" деп атады. 11 желтоқсан 2015, 11:39 2 658 рет қаралды
​Бішкекте арнайы операция кезінде лаңкестер тобы жойылды Әлемде

​Бішкекте арнайы операция кезінде лаңкестер тобы жойылды

Бішкектегі "Шығыс-5" ықшамауданында болған контртеррорлық операция кезінде Қырғызстан Республикасының МҰҚК күштері халықаралық террорлық ұйымның бөлігі саналатын қылмыстық топтың жолын кесті. Ұстау кезінде қылмыскерлер қарумен қарсылық көрсетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР МҰҚК Қоғаммен және БАҚ-пен байланыс жөніндегі баспасөз бөлімінің өкілдері хабарлады. 11 желтоқсан 2015, 11:38 2 292 рет қаралды
​Ресейде исламдық ипотека жүйесі іске қосылды Әлемде

​Ресейде исламдық ипотека жүйесі іске қосылды

Ислам дінінің қағидалары бойынша қызмет жасайтын «Амал» атты қаржы үйі Мәскеу қаласы және Мәскеу облысы бойынша өз жұмысын бастады. Компания қызметі заңды және жеке тұлғаларға да арналған, деп жазады muslim.kz. 10 желтоқсан 2015, 15:53 2 589 рет қаралды
Солтүстік Корея сутегі бомбасын жасағанын мәлімдеді Әлемде

Солтүстік Корея сутегі бомбасын жасағанын мәлімдеді

Солтүстік Корея сутегі бомбасын жасады деп мәлімдеді осы ел президенті Ким Чен Ын. Бұл туралы бүгін солтүстік кореялық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған Оңтүстік Кореяның Yonhap News агенттігі хабарлады. 10 желтоқсан 2015, 15:29 1 670 рет қаралды