Атырау, 26 қараша 18:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Яценюк үкіметі сенімсіздік вотумынан аман қалды

1 396 просмотра

Фото: ria.ruУкраина премьер-министрі Арсений Яценюк үкіметі парламенттегі сенімсіздік вотумынан аман қалды. 16 ақпанда Украина президенті Петр Порошенко Яценюк үкіметін "билікке деген сенімді қалпына келтіру" үшін отставкаға кетуге шақырған. "Порошенко блогы" фракциясының жетекшісі Юрий Луценко ұсынған үкіметке сенімсіздік вотумын парламенттің 194 депутаты қолдады. Вотум іске асу үшін оны 226 депутат қолдауы керек.

Қоғамдық сауалнама нәтижелері бойынша, елде ресейшіл президент Виктор Янукович билігі құлатылған соң билікке келген үкіметтің жұмысына көңіл толмаушылық артып барады. Бұған дейін президент аппараты ресми мәлімдеме таратып, Яценюк үкіметі басқарушы коалицияның, оның ішінде "Порошенко блогының" сенімінен айырылып бара жатқанын білдірген.

Президент үндеуде рецессияда тұрған және елдің шығысында ресейшіл сепаратистермен соғысып жатқан Украинада "қоғамның сенімін қалпына келтіру үшін" "терапия жеткіліксіз екенін, "химиялық операция" керек екенін мәлімдеген.

Дереккөз: azattyq.org

17 ақпан 2016, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.