Фото: ria.ruТүркіменстанда заңға президенттің өкілетті мерзімін ұзартып, президенттікке кандидаттардың шектік жас мөлшерін жоюды көздейтін түзетулер "талқыланып" жатыр деп хабарлайды осы елдің ақпарат құралдары.
Заңға түзету енгізу жобасында президенттің өкілетті мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін ұзарту және президенттікке үміткердің жасы 70-тен аспауы тиіс делінетін талапты жою қарастырылған.
Өзгерістер қабылданса, онда соңғы тоғыз жыл Түркіменстанды басқарып отырған президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың билігі нығая түсуі мүмкін.
Президенттік өкілеттігі келесі жылы аяқталатын 58 жастағы Бердімұхамедов 2017 жылы өтетін сайлауға түседі деген болжам бар.
Түркіменстан конституциясына түзетулер енгізуді "талқылау" көршілес Тәжікстанда конституцияға президент Эмомали Рахмонның шексіз президенттік сайлауға түсуіне мүмкіндік беретін өзгерістер енгізу туралы референдум белгіленген соң басталып отыр.
Дереккөз: azattyq.org