Ұлыбританияның Денсаулық және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комитеті «Жұлдыздар соғысы» күштің оянуы» фильмін түсіруші Foodles Production компаниясын сотқа берді. Оған түсіру алаңында актер Харрисон Фордтың аяғын сындырып алуы және тағы секілді төрт айыптау себеп болған.
Екі жылдан өтіп кетсе де шенеуніктер компанияны сотқа тартып жатыр. Алғашқы сот отырысы 12 мамырда өтіледі деп күтілуде.
«Заң бойынша жұмыс беруші қызметкерін қорғаудың барлық іс-шараларын қолға алуы тиіс. Бұл зауыттағы өндіріс алаңына ғана емес, сондай-ақ түсірілім алаңына да қатысты. Біз тексеру жүргіздік, істі сот талқысына әкелуге барлық негіз бар деп санаймыз», делінген аталмыш комитеттің мәлімдемесінде.
Шенеуніктер британдық заңнамаға сәйкес, Foodles Productions компаниясы түсірілім барысында туындауы мүмкін қатерлерді ескеру, болдырмауға жауапты екендігін алға тартуда.
Еске сала кетсек, 2014 жылы 12 маусымда түсірілім кезінде актер Фордтың аяғына жұлдыз кемесінің есігі құлап кеткен. Аяғы сынған актерді кейін киноға тек белінен жоғары ғана түсіріпті.
«Жұлдыздар соғысы» күштің оянуы» фильмін жұрт қызыға тамашалады, бұл кино әлем бойынша «Аватар» мен «Титаник» телетуындысынан кейін 2 млрд доллардан астам табыс тапқан.
Дереккөз: ҚазАқпарат