Атырау, 9 қазан 23:19
 ашықВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Леонардо Ди Каприо BAFTA жүлдесіне ие болды

1 379 просмотра

фото: NEWSru.comЛондонда ұлыбританиялық BAFTA жүлдесінің 69-шы марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды The Variety.

Алехандро Гонсалес Иньярритудің "Выживший" драмасы жылдың ең үздік фильмі атанды. Осы фильмде басты рольді ойнаған Леонардо Ди Каприо "жыл актері" аталымы бойынша жеңімпаз болды. Ал ең үздік актриса атағы режиссер Леонард Абрахамсонның "Комната" фильміндегі ролі үшін Бри Ларсонға берілді.

Ұлыбританиялық үздік фильм аталымында режиссер Джон Краулидің "Буклин" лентасы жеңіске жетті. Ұлыбритания кино және телевизия академиясы "екінші пландағы үздік актер" атағын Стивен Спилбергтің "Шпионский мост" киносындағы ролі үшін Марк Райлэнске берді. "Екінші пландағы үздік актриса" атағына Кейт Уинслет ("Стив Джобс") ие болды.

Дереккөз: tengrinews.kz



15 ақпан 2016, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.