Атырау, 6 желтоқсан 16:40
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Венесуэлада азық-түлік тапшылығына байланысты төтенше жағдай жарияланды

2 471 рет қаралды

Image 0Венесуэла парламенті азық-түлік тапшылығына байланысты елде төтенше жағдай жариялады.

Заң шығарушы органда басымдыққа ие оппозициялық партия депутаттарының айтуынша, негізгі тағам түрлерінің жетіспеушілігі 87%-ға жеткен. Сондай-ақ мемлекетке қарасты 300-ден астам кәсіпорын азық өндіруді тоқтатқан. Оппозициялық партия депутаттары Біріккен ұлттар ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы мекемелері мен ЮНИСЕФ-ке елдегі жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін нақтылау үшін арнайы сарапшылар жіберу туралы өтініш жолдаған. Ал парламентте саны аз президенттік партия өкілдері болса, саяси қарсыластарының әрекетін сынап, «бұл қадам АҚШ-тың елге басып кіруіне қолайлы жағдай тудыруы мүмкін» деп ескерту жасауда. Айта кеткен жөн, Венесуэладағы экономикалық ахуал әлемдік мұнай бағасы арзандағаннан кейін ушығып кеткен.

Дереккөз: 24.kz

12 ақпан 2016, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.