Атырау, 27 сәуір 20:22
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Башар Асад: Бітімді орындау қиын

1 718 просмотра

Cирия президенті Башар Асадтың сөзінше, Сирияда халықаралық қауымдастық қолдаған бітімді орындау қиын болмақ. Өткен аптада Мюнхенде өткен қауіпсіздік конференциясында әлемдік державалар Сирияда осы аптаның басында қақтығысты тоқтату туралы келісім жасасқан. Дамаскіде телеарнаға берген сұхбатында Асад қақтығысты тоқтату жоспарының іске асатынына күмән келтірді.

"Олар бір апта ішінде бітімге келгісі келеді. Бір апта барлық талап пен шартты кім орындай алады? Ешкім орындай алмайды" деді Башар Асад. Оның сөзінше, кез-келген бітім соғысушы тараптар бірдей қаруын тастағанда ғана орындалады. Асад сонымен қатар елде саяси өзгеріс қазіргі конституция бойынша жасалуы тиіс екенін де білдірді.

Дереккөз: azattyq.org

16 ақпан 2016, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.