Атырау, 26 қараша 18:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Түркия ұшақтары жарылыстан соң күрд шептерін бомбалады

1 719 просмотра

Image 0Түркия әуе күштері Анкарадағы жарылыстан соң Ирактың солтүстігіндегі шекарасымен шектес күрдтер шебін бомбалады.

Түркиялық әскерилердің хабарлауынша, ұшақтар 17 ақпан күні кешке Хафтанин аймағында Күрдістан жұмысшы партиясының ондаған мүшесін нысанаға алған.

17 ақпан күні бұдан ертерек Анкараның орлығында әскерилер мінген автобустар өтіп бара жатқанда жарылғыш заттар тиеген көлік жарылып, 28 адам қаза тапқан.

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу жарылысты "Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар Сириядағы күрдтер жасағанын", қатысты тоғыз адам ұсталғаын хабарлады.

Президент Режеп Тайып Ердоған 18 ақпанда Әзербайжанға жоспарлаған сапарынан бас тартып, Түркия "кез-келген жағдайда, кез-келген уақытта және өзін-өзі қорғау құқығын пайдаланудан тартынбайтынын" мәлімдеді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

18 ақпан 2016, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.