Атырау, 9 қазан 10:04
 дождьВ Атырау +9
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Әлемде

Ресей тыңшысы хал үстінде жатыр Әлемде

Ресей тыңшысы хал үстінде жатыр

66 жастағы Сергей Скрипаль 2010 жылы Ресей мен АҚШ арасындағы тыңшылық мансабы әшкере болған соң, сотталып, кейін Ұлыбританияда тұруға рұқсат алған. Көп жылдан бері бейбіт тұрғынға айналған экс-тыңшы 33 жастағы әйелмен бірге Солсбери сауда орталығында хал үстінде жатқан күйінде табылып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап. 6 наурыз 2018, 11:28 1 996 рет қаралды
"Газпром" "Нафтогазға" келісімдерді бұзатынын ескертті Әлемде

"Газпром" "Нафтогазға" келісімдерді бұзатынын ескертті

Ресейдің мемлекеттік "Газпром" компаниясының басшысы Алексей Миллер 5 наурызда Украинаның "Нафтогаз" компаниясына газ жеткізу және газ транзиті туралы келісімдерді бұзатыны жайлы ресми ескерту жолданғанын хабарлады. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, келісімдер Стокгольм арбитраж соты арқылы бұзылмақ. 6 наурыз 2018, 09:33 1 850 рет қаралды
Киев: Венгр мәдени орталығына жасалған шабуылға Ресейдің қатысы бар Әлемде

Киев: Венгр мәдени орталығына жасалған шабуылға Ресейдің қатысы бар

Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин Ужгород қаласындағы Венгр мәдени орталығына жасалған шабуылға Ресейдің қатысы бар деген болжам айтты. Климкин Twitter-де "Ресейдің құлағы барлық жерден қылтиып шығып тұрғанын" жазды. 4 және 27 ақпан күндері Венгр мәдени орталығына әлдекімдер "Молотов коктейлдерін" лақтырған. Шабуылдан орталықта өрт шығып, ғимараттың бірінші қабатының біраз жері өртеніп кеткен. 6 наурыз 2018, 09:31 2 126 рет қаралды
Ангела Меркельге берілген төртінші мүмкіндік Әлемде

Ангела Меркельге берілген төртінші мүмкіндік

Германия әлеуметтік-демократиялық партиясы Ангела Меркель басқаратын христиан демократтарының коалициясы үшін дауыс беріп, 6 ай саяси тығырықтан соң төртінші рет канцлердің ел басқаруына мүмкіндік берді. Ұлы коалицияға дауыс берушілердің 66 пайызы жақтап, 34 пайызы қарсы шыққан. Жаңа Үкімет наурыздың соңында іске кірісе алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі СNN басылымына сілтеме жасап. 5 наурыз 2018, 15:04 2 525 рет қаралды
Дональд Трамп Кым Чен Ынмен бетпе-бет сөйлесуден бас тартты Әлемде

Дональд Трамп Кым Чен Ынмен бетпе-бет сөйлесуден бас тартты

Америкалық делегация Солтүстік Корея өкілдерімен кездесулері мүмкін. Бірақ, Трамп Ким Чен Ынмен тікелей сөйлесуден бас тартты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап. 5 наурыз 2018, 11:15 2 333 рет қаралды
Түркиядағы АҚШ елшілігі уақытша жабылды Әлемде

Түркиядағы АҚШ елшілігі уақытша жабылды

АҚШ-тың Анкарадағы елшілігі 5 наурызда «қауіпсіздік мақсатында» жабылды. Елшілік ресми сайтында жариялаған мәлімдемесінде нақты қандай қауіп төнгенін айтпаған. АҚШ елшілігі Анкараның Каваклидера ауданында орналасқан. 5 наурыз 2018, 09:53 1 775 рет қаралды
Америкалық математик Үшінші дүниежүзілік соғыстың қашан басталатынын есептеді Әлемде

Америкалық математик Үшінші дүниежүзілік соғыстың қашан басталатынын есептеді

Мемлекетаралық қарулы қақтығыстар Үшінші дүниежүзілік соғыстың 2150 жылға дейін басталуына әкелуі мүмкін. Бұл тұжырымдарды Колорадо университетінің математигі Аарон Клаузет жасаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі EurAsia daily сайтына сілтеме жасап. 3 наурыз 2018, 13:54 3 518 рет қаралды
Иран доллардан бас тартты Әлемде

Иран доллардан бас тартты

Иран үкіметі импорт кезінде АҚШ долларын пайдалануға тыйым салды. Енді елдің кеден органдары Америка валютасымен транзакцияланған тауарға декларация толтырмайды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Press TV арнасына сілтеме жасап. 3 наурыз 2018, 10:10 2 056 рет қаралды
Трамп Ресейге салынған санкция мерзімін бір жылға ұзартты Әлемде

Трамп Ресейге салынған санкция мерзімін бір жылға ұзартты

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге Украинаның шығысындағы қарулы жанжалға араласқаны үшін салынған санкция мерзімін бір жылға ұзартты. Жұма күні Ақ үй баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратта "Қырымды аннексиялап, Украинада күш қолданып отырған Ресей билігінің мақсатты іс-әрекеті мен жүргізіп отырған саясаты Украинадағы демократиялық процестер мен институттарға зиян келтіріп, ол елдің қауіпсіздігіне, тұрақтылығы мен егемендігіне және территориялық тұтастығына қатер төндіріп отырғаны" айтылған. 3 наурыз 2018, 09:49 2 553 рет қаралды
Солтүстік Корея БҰҰ-ның мәлімдемесін жоққа шығарды Әлемде

Солтүстік Корея БҰҰ-ның мәлімдемесін жоққа шығарды

БҰҰ Солтүстік Кореяны Сирияға химиялық қару шығаруда қолдау білдірді деп айыптаған болатын. Өз кезегінде Пхеньян БҰҰ-ның бұл мәлімдемесін жоққа шығарып, бұл АҚШ-тың қысымымен жасалған айып деп жариялап отыр. Бұл туралы abc.net.au жазады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 2 наурыз 2018, 16:03 2 713 рет қаралды
Арменияда жаңа президент сайланды Әлемде

Арменияда жаңа президент сайланды

Арменияның төртінші жаңа президенті болып Армен Саркисян сайланды. Дауыс берудің нәтижесін санақ комиссиясының төрағасы Гагик Меликян пленарлық отырыста жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости сайтына сілтеме жасап. 2 наурыз 2018, 15:24 2 429 рет қаралды
Путиннің жолдауында "ядролық зымырандар" көрсетілді Әлемде

Путиннің жолдауында "ядролық зымырандар" көрсетілді

Ресей АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесін дамытуына қарымта ретінде жаңа ядролық зымырандарды қарулы күштер сапына қосады. Бұл жайында 1 наурызда Ресей президенті Владимир Путин Федералдық кеңесте жасаған жолдауында айтты. 2 наурыз 2018, 10:47 2 305 рет қаралды
Пучдемон Каталония басшысы қызметінен бас тартты Әлемде

Пучдемон Каталония басшысы қызметінен бас тартты

Каталония үкіметінің бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон аймақты кезекті рет басқарудан бас тартты. Бұл жөнінде ол Брюссельден жасаған бейне үндеуінде мәлімдеді. Пучдемон Каталония тәуелсіздігін жақтайтын өзге адам – Жорди Санчесті қолдауға шақырды. Санчес қазір түрмеде отыр. Оған бүлік шығарды деген айып тағылған. 2 наурыз 2018, 10:37 2 601 рет қаралды
АҚШ-та ұсталған Қырғызстан бұрынғы елшісінің ұлы босатылды Әлемде

АҚШ-та ұсталған Қырғызстан бұрынғы елшісінің ұлы босатылды

АҚШ-та "Ресейге заңсыз қару-жарақ саудалады және контрабандалық қылмыс жасады" деген күдікпен ұсталған Қырғызстанның осы елдегі бұрынғы елшісі Замира Сыдыкованың ұлы Тенгиз Сыдыков босатылды. Азаттықтың Қырғыз редакциясы бұл туралы Вирджиния штаты Александрия қалалық сотының кеңсесіне сілтеп хабарлады. 2 наурыз 2018, 10:07 2 005 рет қаралды
Түрікменстанда әйелдер 8 наурызға 40 манаттан алады Әлемде

Түрікменстанда әйелдер 8 наурызға 40 манаттан алады

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердимухамедов 8 наурыз мерекесіне орай, елдегі әйелдерге 40 манат (шамамен 3 800 теңге) беру туралы жарлық шығарды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі жергілікті Алтын асыр телеарнасына сілтеме жасап. 1 наурыз 2018, 15:39 2 316 рет қаралды