
Германия әлеуметтік-демократиялық партиясы Ангела Меркель басқаратын христиан демократтарының коалициясы үшін дауыс беріп, 6 ай саяси тығырықтан соң төртінші рет канцлердің ел басқаруына мүмкіндік берді. Ұлы коалицияға дауыс берушілердің 66 пайызы жақтап, 34 пайызы қарсы шыққан. Жаңа Үкімет наурыздың соңында іске кірісе алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі СNN басылымына сілтеме жасап.
Меркель 2005 жылдан бері Еуропаның ірі экономикасын басқарады. Ол төртінші рет ел басшылығына сайланды, яғни, бұл мерзімді қоса алғанда, 16 жыл ел басқармақ. Осылайша, ең ұзақ Германия Федеративті Республикасын басқарған жалғыз канцлер Гельмут канцлерімен теңеспек.
Германияда 2017 жылы қыркүйек сайлауы Меркель үшін жеңіс сыйлады. Осыған дейін 12 жыл бойы елді «мутти» немесе «ел анасы» Меркель ханым басқарып келді. Оның партиясы Еуропада либералды көзқарасты консервативті партия ретінде танылған. 2015 жылы миллионнан аса мигранттар Меркельдің ашық саясатының нәтижесінде осы елге көшіп келді. Тек қазан айында Меркель мигранттарға арнайы лимит белгілеп, шектеу қойды.
Айта кетерлігі, христиан демократтарының коалициясы (AfD) 2013 жылы құрылған болатын.
Дереккөз: Baq.kz
В Атырау -5