
БҰҰ Солтүстік Кореяны Сирияға химиялық қару шығаруда қолдау білдірді деп айыптаған болатын. Өз кезегінде Пхеньян БҰҰ-ның бұл мәлімдемесін жоққа шығарып, бұл АҚШ-тың қысымымен жасалған айып деп жариялап отыр. Бұл туралы abc.net.au жазады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ-тың қарусыздану жөніндегі елшісі Роберт Вуд Сирияның химиялық қару жасауда Солтүстік Кореядан үнемі көмек алып отырғанын айтты. Осыған байланысты, Шығыс Гутадағы оқ-дәрілер тексеруден өткізілмек.
Ал KCNA мемлекеттік ақпарат агенттігі АҚШ тарапының «мағынасыз аргумент» айтқанын дәлелдеп отыр. Солтүстік Корея өкілдері: «Біздің республика химиялық қару ойлап таппайды, жасап шығармайды, қайта қарсы шығады, қарусыздануды ғана қолдайды» деп мәлімдеді.
БҰҰ-ның құпия баяндамасына сәйкес, Солтүстік Кореяға жасалған санкциялар бұзылып, соңғы 6 айда Сирияға жөнелтілген екі солтүстік кореялық қару тасымалы ұсталған.
Айта кетерлігі, Солтүстік Корея 2006 жылдан бері БҰҰ санкциясына ұшыраған, өйткені, бұл мемлекет баллистикалық зымыран және ядролық қару шығарады деп айыпталған. Солтүстік Кореяға 6 рет ядролық қару сынағын жүргізіп, алыс қашықтыққа зымыран ұшырған соң, мемлекетке санкция жарияланған болатын.
Ал Шығыс Гутаның сириялық ауданында ұсталған қару тасымалы жөніндегі тексерісті Гаагадағы халықаралық күзет кеңесі жүргізеді. Осы тексерістің нәтижесінде тыйым салынған оқ-дәрілердің бар-жоғы анықталмақ.
Дереккөз: Baq.kz
В Атырау -4