Атырау, 14 желтоқсан 14:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​Башар Асад: АҚШ және оның одақтастары террористерді қолдап отыр

2 440 рет қаралды


Сүрия президенті Башар Асад. Сүрия президенті Башар Асад «АҚШ және оның одақтастары террористерді қолдап отыр» – деп мәлімдеді. 

Башар Асад Шығыс Гутадағы жағдайларға байланысты журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «АҚШ бастаған әскери коалиция «Ислам мемлекеті» мен «Жебхат ан-Нусру» террорлық ұйымдарын қолдап отыр. Олар «Ислам мемлекетінің» әуе қорғанысы. 

Батыс елдері химиялық қаруды желеу етіп Сүрия армиясын бомбалауда» - деген. Естеріңізге салайық, 18 ақпан күні Сүрияның Шығыс Гута ауданында әскери операция басталды. БҰҰ таратқан мәлімет бойынша, Шығыс Гутада он күн ішінде 600-ден астам адам оққа ұшып, 2 мыңнан астам адам жарақат алған. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

5 наурыз 2018, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.