Атырау, 14 желтоқсан 10:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Италиядағы парламент сайлауында оңшылдар алда келеді

1 497 рет қаралды


Бюллетеньдердің жартысын санау нәтижесі бойынша олар сенаттағы орынның 37 пайызына иелік еткен.

Коалиция құрамындағы партияларды жеке-жеке айтар болсақ, экс-премьер Сильвио Берлусконидің «Алға, Италия» партиясы 14,1 пайыз, ал «Лига» партиясы 18 пайыз дауыс жинаған. Жеке партиялар арасында «5 жұлдыз қозғалысы» өзгелерден оқ бойы озып шықты. Олар 31 пайыз дауысқа иелік еткен. Әзірге солшылдар коалициясы 24,15 пайыз дауыспен артта қалып келеді. Джанкарло Джорджетти, «Лига» партиясы жетекшісінің орынбасары:

- Сайлаудың алғашқы қорытындылары бізді қуантып отыр. Лига партиясы үшін бұл тарихи күн. Ең алғаш рет бізді дауыс берушілердің 4 пайызы ғана қолдаған еді. Енді міне 16-17 пайызға жеттік, бұл соңы емес. Қазір коалиция атынан сөйлеп тұрмыз. Алға қойған мақсаттарымыз бар. Оған жету үшін не істеу керек екенін жақсы білеміз.

Дереккөз: 24.kz

5 наурыз 2018, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.