Атырау, 14 желтоқсан 10:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Иран доллардан бас тартты

1 969 рет қаралды


Иран үкіметі импорт кезінде АҚШ долларын пайдалануға тыйым салды. Енді елдің кеден органдары Америка валютасымен транзакцияланған тауарға декларация толтырмайды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Press TV арнасына сілтеме жасап.

Импорт тасымалдаушылар долларды еуроға немесе басқа кез келген валютаға айырбастауына болады.

Иранның орталық банкінің хабарлауынша, қазір доллармен келетін тауар саны аз. Сондықтан халықаралық келісімшарт тоқтап қалуы мүмкін деген қорқыныш жоқ.

Аталған банк өкілі Мехди Касрейпурдың айтуына қарағанда, бұл шара импортерлерге ешқандай проблема туғызбайды. Иранның сыртқы саудасындағы доллардың үлесі төмен.

Дереккөз: Baq.kz

3 наурыз 2018, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.