Атырау, 4 шілде 20:53
 дождьВ Атырау +30.3
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11

Рио-де-Жанейроны қылмыстық топтар билеп отыр

2 153 рет қаралды


Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында миллионға жуық тұрғын есірткіге қатысты қылмыстық топтың бақылауында өмір сүріп жатыр.

Елдің Қоғамдық қауіпсіздік министрі Раул Жунгманн осындай мәлімдеме жасады.

Ресми өкілдің айтуынша, кедей-кепшіктер тұрып жатқан шеткі лас аудандарда зорлық-зомбылық өршіп, қиын жағдай қалыптасқан. Сондықтан шаһардағы тәртіпті қалпына келтіру үшін әскер кіргізілгені дұрыс. Айта кетейік, өткен айдың ортасында Бразилия билігі Рио-де-Жанейро қаласының қауіпсіздігін бақылауды әскерилерге беру туралы шешім қабылдаған. Шара жыл аяғына дейін жүргізіледі. Себебі бұл штаттағы қылмыстық ахуал басқа аймақтарға қарағанда өте нашар. Ресми дереккке қарағанда өткен жылы шаһарда 6 жарым мыңнан астам адам қаза тапқан.

Дереккөз: 24.kz

2 наурыз 2018, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.