Атырау, 20 ақпан 18:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38

Түрікменстанда әйелдер 8 наурызға 40 манаттан алады

2 224 рет қаралды


Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердимухамедов 8 наурыз мерекесіне орай, елдегі әйелдерге 40 манат (шамамен 3 800 теңге) беру туралы жарлық шығарды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі жергілікті Алтын асыр телеарнасына сілтеме жасап.

Гурбангулы Бердимухамедов осы жарлыққа қол қойғаннан кейін Әйелдердің халықаралық мерекесіне орай 1-6 наурыз аралығында елдегі қыз-келіншектер ақшалай сыйлықақы алатынын жеткізді.

«Түрікменстан президенті атынан кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істейтін, сондай-ақ зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы алатын әйелдерге, студенттер мен оқушыларға 40 манат ақшалай сыйақы салтанатты түрде табысталады», - делінген телеарнаның хабарламасында.

Дереккөз: Baq.kz

1 наурыз 2018, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.