Атырау, 25 шілде 23:30
 дождьВ Атырау +38.1
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

Әлемде

Израильдегі парламент сайлауында оппозиция жеңілгенін мойындады Әлемде

Израильдегі парламент сайлауында оппозиция жеңілгенін мойындады

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың таяуда өткен парламент сайлауындағы бас қарсыласы жеңілгенін мойындады. "Кахоль-Лаван" оппозициялық блогының жетекшісі, бұрын бас штабты басқарған Бени Ганц "Бұл кезеңде біз жеңген жоқпыз" деді.   11 сәуір 2019, 10:00 1 165 рет қаралды
​Порошенко мен Путин жарнамасы Украина халқын сайлауалды сарсаңға салды Әлемде

​Порошенко мен Путин жарнамасы Украина халқын сайлауалды сарсаңға салды

Осы аптада Украина көшелерінде Владимир Путин мен Петр Порошенконың суреті бар сайлауалды плакаттар мен кітапшалар пайда болды. Плакаттарда «21 сәуір. Шешуші таңдау» деп жазылған. Аталған жарнамалық плакаттан кейін Украина жұртының пікірі екіге жарылып, сайлауалды сарсаңға түсті. 10 сәуір 2019, 16:27 2 404 рет қаралды
Трамп: Қырғызстан демократия мәселесінде Орталық Азияда алда тұр Әлемде

Трамп: Қырғызстан демократия мәселесінде Орталық Азияда алда тұр

АҚШ президенті Дональд Трамп Қырғызстанның АҚШ пен Канададағы елшісі Болот Отунбаевпен кездесуінде Қырғызстанның Орталық Азия аймағындағы рөліне жоғары баға берген.   10 сәуір 2019, 11:12 1 997 рет қаралды
Ердоған Ыстамбұлдағы сайлау қорытындысын жоюды талап етті Әлемде

Ердоған Ыстамбұлдағы сайлау қорытындысын жоюды талап етті

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, Ыстамбұлдағы сайлауда ереже бұзылған, сондықтан оның нәтижесі өз күшін жоюы керек. Бұл туралы ол мемлекеттік Sabah газетінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  10 сәуір 2019, 10:50 2 060 рет қаралды
Израильдегі сайлау: экзит-полда ешкім басым түспеді Әлемде

Израильдегі сайлау: экзит-полда ешкім басым түспеді

Израиль телеарналары жариялаған экзит-полға қарағанда, 9 сәуірде өткен кнессет (парламент) сайлауында премьер-министр Биньямин Нетаньяху жетекшілік ететін биліктегі "Ликуд" партиясы мен бас штабтың бұрынғы басшысы Бени Ганцтың "Кахоль-Лаван" партиялық блогы арасындағы тартыс күшті.   10 сәуір 2019, 08:21 1 416 рет қаралды
Грузияда мектеп түлектері емтихан тапсырмайтын болды Әлемде

Грузияда мектеп түлектері емтихан тапсырмайтын болды

Грузия Парламенті елдің жалпы білім беретін мектептерінде қорытынды емтихандарды алып тастауды көздейтін «Жалпы білім беру туралы» заңға түзетулерді мақұлдады. Бұл туралы осы елдегі «Бірінші арна» хабарлады.  9 сәуір 2019, 09:57 2 073 рет қаралды
​Трамп АҚШ Құпия қызметінің басшысын қызметінен босатты Әлемде

​Трамп АҚШ Құпия қызметінің басшысын қызметінен босатты

Америка президенті Дональд Трамп АҚШ Құпия қызметінің басшысы Рэндольф Аллесті қызметінен босатты. Ақпаратты Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.  9 сәуір 2019, 09:37 2 314 рет қаралды
Еуроодақ Иранға қарсы санкциясын бір жылға созды Әлемде

Еуроодақ Иранға қарсы санкциясын бір жылға созды

Еуроодақ Иранға қарсы шектеу шараларын бір жылға созды. Ол шектеулер аталған мемлекетте "адам құқықтарының бұзылуына байланысты" енгізілген болатын. Бұл жаңалық Брюссельде таратылған ЕО Кеңесінің мәлімдемесінде айтылады, деп хабарлайды ТАСС. 8 сәуір 2019, 16:54 1 551 рет қаралды
​Тереза Мэй депутаттардан Brexit келісімін қолдауды өтінді Әлемде

​Тереза Мэй депутаттардан Brexit келісімін қолдауды өтінді

Британ премьер-министрі Тереза Мэй кезекті рет депутаттардан Брексит жөніндегі келісімді қолдауды сұрады. Оның сөзінше, таңдау жасайтын уақыт келді. Яғни не Еуроодақтан келісіммен шығу керек не одан бөлінуден бас тарту қажет.  8 сәуір 2019, 14:22 1 664 рет қаралды
Зеленский Путинмен келіссөзге дайын екенін айтты Әлемде

Зеленский Путинмен келіссөзге дайын екенін айтты

Украина президенттігіне кандидат, шоумен Владимир Зеленский Ресеймен және президент Владимир Путинмен келіссөзге дайын екенін айтты. "Украина" арнасына сұхбат беріп жатып, "Ресей лидерімен келіссөзге дайынсыз ба?" деген сұраққа кандидат "Иә" деп жауап берген. 8 сәуір 2019, 14:11 2 079 рет қаралды
Францияда Наполеонның тағы сатылды Әлемде

Францияда Наполеонның тағы сатылды

Франция императоры Наполеон І Бонапарттың тағы француз монархтарының Фонтенбло тарихи резиденциясындағы аукционда 500 мың еуроға сатылды. Бұл туралы сауданы өткізген Osenat аукцион үйі Twitter парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  8 сәуір 2019, 14:05 1 568 рет қаралды
​Трамп Мексика шекарасын жабу туралы ойынан бас тартты Әлемде

​Трамп Мексика шекарасын жабу туралы ойынан бас тартты

АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикамен шекараны жабу туралы ойынан бас тартты. The Washington Post басылымының хабарлауынша, Ақ үй басшысы экономика және заңнамалық мәселелермен айналысатын мекемемен кеңесе отырып, шекараны ашық қалдыру туралы шешім қабылдаған.  8 сәуір 2019, 12:09 2 299 рет қаралды
Суданда мыңдаған адам президент отставкасын талап етті Әлемде

Суданда мыңдаған адам президент отставкасын талап етті

7 сәуірде Суданда мыңдаған азамат Судан әскерінің штаб-пәтері алдына жиналып, әскерилерді өздерін қолдауға шақырды. Наразылардың президент Омар әл-Баширдің отставкасын талап етіп, көшеге шыққанына екі күн болған. Еуропа одағы соңғы екі күнде “бұрын-соңды болып көрмеген” көп адамның жиналып, өзгерісті талап еткенін мәлімдеді. 8 сәуір 2019, 11:01 2 157 рет қаралды
​Алмазбек Атамбаев: Аузымды жабудың жалғыз жолы - өлтіру Әлемде

​Алмазбек Атамбаев: Аузымды жабудың жалғыз жолы - өлтіру

Жексенбіде, 7 сәуірде Бішкекте 2010 жылы сәуірдегі оқиғалар салдарынан қайтыс болғандарды еске алу мақсатында реквием-шеру өтті. Шараны Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы ұйымдастырды. Негізгі спикерлердің бірі бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев болды, - деп хабарлайды Kaktus.media.  8 сәуір 2019, 09:30 2 148 рет қаралды