Атырау, 28 қараша 06:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Венесэуладан қашқан сарбаздар саны артты

2 341 просмотра


Мадуро билігінің шерулерге қарсы күш қолдануына байланысты Венесуэладан Колумбия мен Бразилияға қашқан сарбаздар саны артқан.  

Осыған дейін Венесуэланың БҰҰ-дағы өкілі ақпанда шетелге 109 жауынгер қашты деп мәлімдеген болатын. Ал Колумбия иммиграциялық қызметінің хабарлауынша, биыл жыл басынан бұл мемлекетке 1 мың 400 жауынгер, ал Бразилияға 60 әскери бас сауғалаған. Елден кеткен сарбаздар «жергілікті халық мардымсыз жалақыдан жапа шегіп отыр, бірақ билік контрабандамен айналысуын тоқтатар емес», – деп шағымданған. Сол себепті Венесуэла халқы әділ сайлаудың өтуін қалайды. Венесуэладағы соңғы президент сайлауы 2018 жылдың мамыр айында өтті. Сол кезде Венесуэла үкіметі ел оппозициясын мойындамай, оларды «халық жауы» деп атады.  Былтырға сайлауда кезекті мәрте Мадуро жеңіске жетсе де, батыс пен Латын Америкасының жетекші елдері бұл жеңісті «фарс» деп бағалады. Яғни шетел үкіметтерінің көпшілігі 56 жасар Мадуроның инаугурациясын елемеді.

Оның ішінде Қытай, Түркия, Иран және Ресей бар. Венесуэла алтыншы жыл қатарынан кономикалық құлдырауды бастан кешіруде. 1 миллион пайыздан астам ннфляциялық құлдырауға ұшыраған Венесуэланың әлеуметтік жағдайы өткен жылы 1920 жылдардағы Веймар Республикасының және 2000 жылғы Зимбабве тарихындағы деградациямен сай келді. Ал 2013 жылдан бері жалғасып келе жатқан экономикалық құлдырау АҚШ тарихындағы ұлы дағдарыстан шамамен 2 есеге көп.

Дереккөз: qazaqtimes.com

25 сәуір 2019, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.