Атырау, 28 қараша 06:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Гуайдо Венесуэла халқын ереуілге шығуға шақырды

2 326 просмотра


Венесуэланың оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо халықты мамырдың 1-і күні ел тарихында ең үлкен шеру өткізуге шақырды. 

Сөйтіп, Николас Мадуроға қысым көрсетіп, оны биліктен кетіруге күш салу керектігін жеткізді. Айта кетейік, Хуан Гуайдо қаңтар айында Венесуэладағы билікті уақытша қолға алатынын мәлімдеп, өзін ел басшысымын деп жариялады. Оны АҚШ бастаған әлемнің көптеген елі қолдау көрсетті.

Ал әскер күшіне сүйенген Николас Мадуроға Ресей, Қытай, Түркия көмектесуде. Бірақ жағдай тығырыққа тірелген. Себебі Мадуро оппозиция жетекшісі АҚШ-тың қуыршағы деп, билікті беруден бас тартуда. Ал елдегі экономикалық дағдарыс америкалық санкциялардың салдары дейді.

Дереккөз: 24.kz

29 сәуір 2019, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.