Атырау, 8 маусым 09:59
 дождьВ Атырау +15.5
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Шри-Ланкадағы жарылыстарды «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» өз мойнына алды

2 916 рет қаралды

 

Шри-Ланкадағы бірнеше жарылысты «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» мойнына алды. 

Қарулы топ ғаламторда лаңкестікті жүзеге асырған жанкештілердің аттарын атап, олардың ант беріп жатқан бейнежазбаны жариялады. Үкімет басшысы ақпараттың анық-қанығын тексеретіндігін жеткізді. Ел президенті Майтрипала Сирисена жойқын тактілерге байланысты қарулы күштердің басшылығы мен елдегі барлық күштік құрылдымдар өзгертілетінін мәлімдеді. 

Еске сала кетейік, өткен жексенбі күні лаңкестер Шри-Ланкада шіркеулер мен қонақүйлерде жарылыстар ұйымдастырып, 359 адам көз жұмды. Тағы 500 тұрғын жарақат алды.

Дереккөз: 24.kz

24 сәуір 2019, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.