Атырау, 28 қараша 06:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Орталық Азияда теракт ұйымдастырмақ болған күдікті ұсталды

7 176 просмотра


Қырғызстан арнайы қызметі Орталық Азияда теракт ұйымдастырмақ болған содырды ұстады. 

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ұсталған күдікті лаңкестік әрекеттерге қатысқаны үшін іздеуде жүрген және 2016 жылдан бері халықаралық террористік ұйым құрамында болған. Сонымен қатар, Сүрияда диверсиялық жаттығудан өткен. 

Ресми хабарламада: «Содырлар мен халықаралық террористік ұйымдардың мүшелерінің Қырғызстан аумағына кіру жолын кесуге арналған шара барысында 28 жасар Қырғызстан азаматы ұсталды. 2018 жылы қарашада халықаралық террористік ұйым басшыларының бұйрығымен Сүриядан кетіп, Орталық Азия елдерінде қарулы джихад жасауға жіберілген. Оған өзге содырларды күтіп, лаңкестік топтарды құра отырып өздігінен жарылатын құрылғылармен террористік акцияларды жасау міндеті берілген», – делінген. 

Еске сала кетейік, 2017 жылы 3 сәуірде Санкт-Петербург метросында теракт ұйымдастырған екі қырғызстандық қамауға алынған болатын. Осы оқиғадан кейін Қырғызстан билігі террорлық топтармен күресуді күшейткен.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

24 сәуір 2019, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.