АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байден келесі жылы демократиялық партия атынан президенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеді.
Сөйтіп 76 жастағы саясаткер 2020 жылы қазіргі Ақ үй қожайыны Дональд Трамппен сайысқа түсетін 20 үміткердің қатарына қосылды. Экс Вице-президент сәуірдің 29-ы күні Питтсбургте сайлаушылармен алғашқы кездесуін өткізбек. Ал зерттеулерге қарағанда Джо БАйденді азаматтардың 30 пайызы қолдауға дайын.
Айта кетейік, Байденнің саяси карьерасы 1972 жылы Делавэр штатынан сенатор болып сайланудан басталған. Содан бері саясатқа 40 жыл өмірін арнаған белді саясаткер президенттік додаға да екі рет түскен болатын.
Дереккөз: 24.kz