Атырау, 28 қараша 06:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Солтүстік Корея басшысы Ресейге барды

2 824 просмотра


Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун Ресейге барды. Ким Жоң Унның брондалған пойызы жергілкіті уақыт бойынша таңғы сағат төртте Ресейдің Приморск аумағындағы Хасан бекетіне келіп тоқтаған. 

Солтүстік Корея басшысын аймақ губернаторы Олег Кожемяк күтіп алған. Ким Жоң Ун пойызы осыдан кейін Уссурийск қаласына тоқтайды. Онда солтүстік кореялық тепловоздарды электровоздарға ауыстырады. Естеріңізге салайық, Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун Владивосток қаласында кездеседі. Бұл сапар КХДР басшысының Ресейге жасап отырған алғашқы сапары. Ол бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен. Бірақ аталмыш кездесуде қос тарап қандай да бір келісімге келе алмаған.

Дереккөз: qazaqtimes.com

24 сәуір 2019, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.