Атырау, 8 маусым 10:01
 дождьВ Атырау +15.5
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Әлемде

Болгария ресейлік олигарх Малофеевтің елге кіруіне тыйым салды Әлемде

Болгария ресейлік олигарх Малофеевтің елге кіруіне тыйым салды

Болгария "Ресейге тыңшылық жасау ісіне қатысы бар" деп күдікке ілінген ықпалды ресейлік олигархтарының бірі Константин Малофеевке 10 жылға дейін елге кіруіне тыйым салды. Бұл ақпаратты 11 қыркүйекте елдің бас прокуроры Сотир Цацаров хабарлады. 12 қыркүйек 2019, 15:32 2 636 рет қаралды
Қырғыз депутаты БҰҰ және ЕҚЫҰ-дан Кой-Таштағы оқиғаға баға беруді сұрады Әлемде

Қырғыз депутаты БҰҰ және ЕҚЫҰ-дан Кой-Таштағы оқиғаға баға беруді сұрады

Қырғызстандық Жогорку Кенеш депутаты Ирина Карамушкина 12 қыркүйекте БҰҰ және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) жанындағы Еуропаның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан 7-8 тамызда Кой-Ташта болған оқиғаға баға беруді сұрады. 12 қыркүйек 2019, 10:53 1 804 рет қаралды
Беларусь соты жасөспірімді 13 жылға соттады Әлемде

Беларусь соты жасөспірімді 13 жылға соттады

Беларусь соты Минск облысы Столбцы қаласында "мектеп мұғалімі мен оқушыны өлтірді" деп айыпталған жасөспірімді 13 жылға соттады. Ол жазасын жасөспірімдер колониясында өтейді. Сотталушы Вадим М. сонымен бірге жәбірленушілерге 110 мың беларусь рублі көлемінде (шамамен 53 мың доллар) айыппұл төлеуі тиіс. 12 қыркүйек 2019, 10:10 2 419 рет қаралды
АҚШ-та 11 қыркүйек күнгі теракті құрбандарын еске алды Әлемде

АҚШ-та 11 қыркүйек күнгі теракті құрбандарын еске алды

11 қыркүйекте АҚШ-та осыдан 18 жыл бұрын болған қайғылы оқиғаны еске алды. Оқиға куәгерлері және терактіден зардап шеккендердің туыстары Дүниежүзілік сауда орталығы ғимараты болған маңға жиналып, құрбандарды еске алды. 12 қыркүйек 2019, 10:05 3 084 рет қаралды
Перзентханада әйел екі сәбиді терезеден лақтырып жіберді Әлемде

Перзентханада әйел екі сәбиді терезеден лақтырып жіберді

Бас прокуратураның мәліметі бойынша 9 қыркүйек күні таңертең Наманган аудандық перзентхананың артқы ауласында екі сәби табылды. Екі қыз баланы бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Алайда дәрігерлер қанша тырысқанмен, балалардың өмірін сақтай алмады, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан. 11 қыркүйек 2019, 17:50 3 006 рет қаралды
Ресейде тіл саясатына қарсылық ретінде өзін-өзі өртеген ғалым қайтыс болды Әлемде

Ресейде тіл саясатына қарсылық ретінде өзін-өзі өртеген ғалым қайтыс болды

Ресейдің Удмуртия аймағында мемлекеттің тіл саясатына қарсылығын білдіріп, өзін-өзі өртеген 79 жастағы ғалым Альберт Разин қайтыс болды. Ресейлік ақпарат құралдарының жазуынша, денесін толық күйік шалған белсенді 10 қыркүйекте Ижевск қалалық ауруханасында көз жұмған. 11 қыркүйек 2019, 12:21 2 725 рет қаралды
Мьянма миллионнан астам рохинжа мұсылмандарының мекенін жоқ қылған Әлемде

Мьянма миллионнан астам рохинжа мұсылмандарының мекенін жоқ қылған

Бұдан 2 жыл бұрын 700 мыңнан астам рохинжа мұсылмандары Мьянмадағы әскери операциялардан жан сауғалап қашып, Бангладешке барған еді. Қазір Бангладеш жерінде миллионнан астам рохинжалар босқындар лагерінде өмір сүруде.  11 қыркүйек 2019, 12:16 1 929 рет қаралды
Apple компаниясы жаңа iPhone смартфондарын таныстырды  Әлемде

Apple компаниясы жаңа iPhone смартфондарын таныстырды

10 қыркүйекте Apple компаниясы iPhone (iPhone 11, 11 Pro және 11 Pro Max) жаңа модельдерін, Apple Watch және iPad ұсынды. Презентация компанияның Калифорниядағы штаб-пәтерінде өтті және Apple сайтында трансляцияланды, - деп хабарлайды TJournal.  11 қыркүйек 2019, 12:00 3 180 рет қаралды
CNN: АҚШ Ресейден тыңшысын жасырын алып шығып кеткен Әлемде

CNN: АҚШ Ресейден тыңшысын жасырын алып шығып кеткен

Құрама Штаттар 2017 жылы Ресейдің үкімет аппаратында жұмыс істейтін тыңшысын жасырын алып шығып кеткен. CNN телеканалы Дональд Трамп әкімшілігіндегі дереккөзіне сүйеніп, осылай хабарлады. 10 қыркүйек 2019, 14:27 2 754 рет қаралды
Трамп "Талибанмен" бейбіт келіссөз доғарылғанын жариялады Әлемде

Трамп "Талибанмен" бейбіт келіссөз доғарылғанын жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы басшыларымен келіссөздер доғарылатыны туралы мәлімдеді. Бұған дейін Вашингтон Ауғанстанда 18 жылдан бері жалғасып келе жатқан соғысты аяқтап, бейбітшілік бітімі мен АҚШ әскерін ол елден әкетудің шарттарына байланысты келісімге келу үшін жылға жуық уақыт "Талибанмен" келіссөз өткізген еді. 10 қыркүйек 2019, 11:13 2 639 рет қаралды
Британ патшайымы Еуроодақтан келісімсіз шығуға тыйым салатын заңға қол қойды  Әлемде

Британ патшайымы Еуроодақтан келісімсіз шығуға тыйым салатын заңға қол қойды

9 қыркүйекте Ұлыбритания патшайымы Елизавета II үкіметке Еуропа одағы құрамынан Еуроодақпен келісім жасамай және оны парламент мақұлдамай шығуға тыйым салатын заңға қол қойды.  10 қыркүйек 2019, 10:16 3 524 рет қаралды
Пхеньян тағы да зымыран ұшырды Әлемде

Пхеньян тағы да зымыран ұшырды

10 қыркүйекте Cолтүстік Корея Жапон теңізіне қарата екі зымыран ұшырды деп хабарлады Оңтүстік Корея әскерилері. Пхеньян ядролық бағдарламасының болашағы туралы АҚШ-пен келіссөздерді жалғастырмақ ниеті барын білдірген соң іле-шала зымыран ұшырған деп хабарлады "Америка дауысы". 10 қыркүйек 2019, 09:38 2 365 рет қаралды
Иран ядролық келісімді үшінші рет бұзды Әлемде

Иран ядролық келісімді үшінші рет бұзды

Иран 2015 жылы жасалған ядролық келісімді үшінші рет бұзды. Сенбі күні осы елдің Атом энергиясы ұйымының өкілі мәлімдеме жасап, ранды озық ядролық центрифугаларға жібере бастағанын мәлімдеді.  9 қыркүйек 2019, 17:18 2 696 рет қаралды
​АҚШ келіссөзді тоқтатты, Талибан Трампқа ескерту жасады Әлемде

​АҚШ келіссөзді тоқтатты, Талибан Трампқа ескерту жасады

АҚШ Талибанмен келіссөздерді тоқтатты. АҚШ президентінің бұндай шешіміне тәліптердің лаңкестік шабуылдарын тоқтатпау әрекеті себеп болды деп көрсетті АҚШ мемлекеттік хатшысы жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде. 9 қыркүйек 2019, 14:43 3 261 рет қаралды
Грузияның жікшіл аймағындағы сайлауда Рауль Хаджимба озды Әлемде

Грузияның жікшіл аймағындағы сайлауда Рауль Хаджимба озды

Грузияның сепаратистік аймағы Абхазия республикасында 8 қыркүйекте өткен президенттік сайлаудың екінші кезеңінің алдын ала қорытындысы бойынша, Рауль Хаджимба көп дауыс жинады. 9 қыркүйек 2019, 13:57 2 531 рет қаралды
​Үндістан Айдан гелий-3 қазба байлығын жерге тасымалдамақ Әлемде

​Үндістан Айдан гелий-3 қазба байлығын жерге тасымалдамақ

10 жылдан кейін Үндістан Айда күнделікті жұмыс істейтін база салып, жерге гелий-3 қазба байлығын тасымалдайды. Бұл жөнінде «BrahMos Aerospace» компаниясының бұрынғы басшысы Сиватхану Пиллай мәлімдеді.  9 қыркүйек 2019, 13:33 2 522 рет қаралды
Гонконг тұрғындары кезекті мәрте жаппай ереуілге шықты Әлемде

Гонконг тұрғындары кезекті мәрте жаппай ереуілге шықты

Гонконг тұрғындары кезекті мәрте ереуілге шығып, наразы топ полициямен қақтығысты. Politico басылымының мәліметінше, Козуэй-Бэй ауданында тәртіп сақшылары шерушілерді тарату үшін көзді жасаурататын газ қолданған. Ал Вань Чай ауданында акцияны ұйымдастырушылар жолға бөгеттер қойып, көлік қозғалысы тоқтатылған. 9 қыркүйек 2019, 11:51 2 685 рет қаралды