Атырау, 8 маусым 08:52
 дождьВ Атырау +15.5
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Әлемде

Ауғанстанда жиын кезіндегі жарылыстан ондаған адам қаза болды Әлемде

Ауғанстанда жиын кезіндегі жарылыстан ондаған адам қаза болды

17 қыркүйекте Ауғанстанның Парван уәлаятының әкімшілік орталығы Чарикар қаласында жарылыс болды. Ел президенті Ашраф Ғанидың қатысуымен сайлауалды шара өтіп жатқан жердің қасында болған жарылыс салдарынан кемінде 24 адам қаза тауып, 31 адам жараланған. Бұл туралы ауған ресмилері хабарлады. Жергілікті шенеуніктің сөзінше, жанкешті өзін жарып жіберген. 17 қыркүйек 2019, 17:02 2 117 рет қаралды
Британ премьері Брекзитті кейінге қалдыруды сұрамайтынын айтты Әлемде

Британ премьері Брекзитті кейінге қалдыруды сұрамайтынын айтты

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Еуропа одағынан Брекзитті (Еуроодақтан шығу мерзімі – ред.) 31 қазаннан кейінгі уақытқа қалдыруды сұрамайды. Бұл туралы Джонсон Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкермен Брюссельде кездескеннен кейін оның қорытындысы жайлы британ премьері кеңсесі таратқан мәлімдемеде айтылған. 17 қыркүйек 2019, 12:25 2 043 рет қаралды
Мәскеу полициясы тіркелмеген ұйымның ондаған белсендісін ұстаған Әлемде

Мәскеу полициясы тіркелмеген ұйымның ондаған белсендісін ұстаған

16 қыркүйекте кешке Мәскеу полициясы тіркелмеген "Другая Россия" партиясының 29 белсендісін ұстаған. Бұл туралы ақпаратты ұйым әлеуметтік желілерде парақшаларында жариялады деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. 17 қыркүйек 2019, 11:52 2 241 рет қаралды
Өзбекстан ас пен тойға шектеулер қойған заң жобасын бекітті  Әлемде

Өзбекстан ас пен тойға шектеулер қойған заң жобасын бекітті

Өзбекстан парламенті үйлену тойын, мерекелік шаралар және жерлеу рәсімдерін ретке келтіретін заң жобасын бекітті. Бұл заң жобасында ас пен тойда шақырылатын адам санына, өткізілген және ас пен той үшін кредит алуға шектеу қойылған. 17 қыркүйек 2019, 10:00 4 473 рет қаралды
Ауғанстанда АҚШ сарбазы қаза тапты Әлемде

Ауғанстанда АҚШ сарбазы қаза тапты

Ауғанстанда 16 қыркүйекте шайқас кезінде АҚШ әскериі қаза тапқан. Бұл туралы НАТО-ның "Батыл қолдау" миссиясы баспасөз қызметі хабарлаған. Алайда америкалық сарбаздың қандай шайқаста қаза тапқаны туралы әзірге басқа ақпарат жоқ. 17 қыркүйек 2019, 09:43 2 522 рет қаралды
Ресейде "Центр-2019" әскери жаттығуы басталды Әлемде

Ресейде "Центр-2019" әскери жаттығуы басталды

16 қыркүйекте Ресейде жыл сайын өткізілетін "Центр-2019" стратегиялық командалық-штабтық әскери жаттығу басталды. 21 қыркүйекке дейін жалғасатын жаттығуға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Пәкістан мен Үндістан әскерилері де қатысады. 16 қыркүйек 2019, 16:23 2 897 рет қаралды
Сауд Арабиясына жасалған шабуыл әлем нарығына кері әсер ете ме? Әлемде

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл әлем нарығына кері әсер ете ме?

Сауд Арабиясының мұнай компаниясына жасалған шабуыл әлемдегі мұнай бағасының көтерілуіне себеп болған. Сенбіде Йеменнің хусит күштері Сауд Арабиясының ұлттық мұнай компаниясының нысандарына шабуыл жасады.  16 қыркүйек 2019, 14:43 2 586 рет қаралды
Иран, Ресей, Түркия басшылары бас қоспақ  Әлемде

Иран, Ресей, Түркия басшылары бас қоспақ

Сүриядағы жағдайды тұрақтандыруға арналған Астана процесінің кепіл-мемлекет көшбасшылары бүгін Анкарада бас қоспақ. Бесінші кездесуге Иран президенті Хасан Рухани, Ресей президенті Владимир Путин қатысады.  16 қыркүйек 2019, 14:24 2 676 рет қаралды
Улан-Удэдегі шеруде қала мэрі сайлауын қайта өткізуді талап етті Әлемде

Улан-Удэдегі шеруде қала мэрі сайлауын қайта өткізуді талап етті

Ресей құрамындағы Буратия республикасының астанасы Улан-Удэ қаласында жексенбі күні әділ сайлау үшін және полиция өктемдігіне қарсылық акциясына мыңға жуық адам қатысты деп хабарлайды шарада болған "Новая газеті" басылымының тілшісі. Бұл акцияны өткізуге жергілікті билік рұқсат берген. 16 қыркүйек 2019, 10:41 2 521 рет қаралды
Иран: Сауд Арабиясындағы мұнай зауыттарына жасалған шабуылға еш қатысымыз жоқ Әлемде

Иран: Сауд Арабиясындағы мұнай зауыттарына жасалған шабуылға еш қатысымыз жоқ

Сауд Арабиясының 2 мұнай зауытына жасалған шабуылға еш қатысымыз жоқ. Иран сыртқы істер министрінің ресми өкілі Аббас Мусави АҚШ тарапының таққан айыптауларына осылай деп жауап қатты. Оның пікірінше, Ақ үй Тегеранға жалған әрі дипломатиялық тұрғыда негізсіз жала жауып отыр.  16 қыркүйек 2019, 10:32 2 473 рет қаралды
Иран АҚШ әскери базаларын бомбалауға дайын Әлемде

Иран АҚШ әскери базаларын бомбалауға дайын

Иран АҚШ әскери базаларын бомбалауға дайын. Иран Ислам революциясын қорғау корпусының әуе-ғарыш күштерінің басшысы Әмір Әли Хаджизаде Теһран АҚШ әскери базаларын бомбалауға дайын екендігін мәлімдеді. 16 қыркүйек 2019, 09:45 2 670 рет қаралды
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы даулы құрылыс мәселесін талқылап жатыр Әлемде

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы даулы құрылыс мәселесін талқылап жатыр

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы даулы құрылыс мәселесін талқылап жатыр. Бұған дейін қырғыз-тәжік шекарасындағы айқындалмаған аумақта тәжік тарабы құрылыс жұмыстарын жүргізіп, шекара маңы тұрғындарының бірнеше рет жанжалдасып қалғаны хабарланған. 15 қыркүйек 2019, 14:10 2 941 рет қаралды
Сауд Арабиясы мұнай өндіруді жартылай қысқартты Әлемде

Сауд Арабиясы мұнай өндіруді жартылай қысқартты

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео "саудиялық мұнай зауыттарына жасалған дрон шабуылын" Ираннан көрді. "Тегеран әлемдік мұнай тасымалдау саласына бұрын-соңды болмаған соққы жасады" деп мәлімдеді Помпео. 15 қыркүйек 2019, 10:34 2 943 рет қаралды
Ақ үй: Арнайы әскери операция кезінде Усама бен Ладеннің ұлы оққа ұшты Әлемде

Ақ үй: Арнайы әскери операция кезінде Усама бен Ладеннің ұлы оққа ұшты

"Әл-Қаида” террористік ұйымының негізін қалаған Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладенді арнайы операция кезінде атып өлтірген деп хабарлады сенбі, 14 қыркүйекте Ақ үй. 15 қыркүйек 2019, 09:22 2 589 рет қаралды
АҚШ Солтүстік Кореядағы хакерлер тобына санкция салды Әлемде

АҚШ Солтүстік Кореядағы хакерлер тобына санкция салды

АҚШ-тың қаржы министрлігі солтүстіккореялық хакерлер тобына жаңа санкция салды. Министрлік таратқан хабарламада санкцияның Пхеньян мүддесіне жұмыс істеп, кибершабуыл ұйымдастырған топқа бағытталғаны жазылған. 14 қыркүйек 2019, 10:18 2 348 рет қаралды
Өзбекстан Қытай азаматтарының елде визасыз бір апта жүруіне рұқсат берді Әлемде

Өзбекстан Қытай азаматтарының елде визасыз бір апта жүруіне рұқсат берді

2020 жылдан бастап Қытай азаматтары Өзбекстанда жеті күнге дейін визасыз жүре алады. Өзбек үкіметінің түсіндіруінше, бұл жергілікті туризмнің дамуына ықпал етуі тиіс. 13 қыркүйек 2019, 15:07 2 542 рет қаралды
600-ге жуық тәжік әйелі мен баласы Сириядағы босқындар лагерінде тұрып жатыр Әлемде

600-ге жуық тәжік әйелі мен баласы Сириядағы босқындар лагерінде тұрып жатыр

Тәжікстан билігінің дерегінше, қазіргі кезде Сириядағы босқындар лагерінде кемінде 575 тәжік әйелі мен баласы тұрып жатыр. Бұл - бірнеше жыл бұрын Тәжікстаннан Таяу Шығыс елдеріне барып, "Ислам мемлекеті" террористік тобына қосылып, соғыста қаза тапқан не тұтқынға түскен ер адамдардың отбасы. 13 қыркүйек 2019, 14:56 3 411 рет қаралды