Атырау, 27 қараша 01:16
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Иранда жер сілкінісінен бірнеше адам қаза тапты

2 224 просмотра


Иранның солтүстік батысында Шығыс Әзербайжан провинциясында 8 қазанда түнгі сағат 2 шамасында 5,9 магнитудалы жер сілкінісі болып, кемінде үш адам қаза тапты деп хабарлады жергілікті басылымдар. Шамамен 20 адам жараланған. Иран билігі қатты нөсер құтқарушылардың жұмысын қиындатып жібергенін хабарлады.

АҚШ геологиялық зерттеу ұйымының дерегінше, жер сілкінісінің эпицентрі Сараб округының орталығындағы Абсфорашен қаласы маңында 10 километр тереңдіктегі жер қабатында болған.

Еуропадағы Жерорта сейсмологиялық орталығы (EMSC) Табриз қаласының оңтүстік-шығысынан 112 шақырым жерде орналасқан. Сейсмологиялық орталық жер сілкінісін 20 миллион адамның сезгенін хабарлады.

Иранда тектоникалық плиталардың жылжуы байқалғандықтан жер асты дүмпулері жиі сезіледі. 6 қарашада Иранның Хормозган провинциясында 5,4 магнитудалы жер сілкінісі болған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

8 қараша 2019, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.