Атырау, 12 қараша 05:48
Таңертең бұлыңғыр болады+9, күндіз +10
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 388.70  € 428.70  P 6.08

Ирак: Полиция наразыларға оқ атты

8 қараша 16:02


Ирактың қауіпсіздік күштері Бағдадта билікке қарсы наразылыққа қатысқан - кемінде алты адамды, Басра қаласында төрт адамды атып өлтірді.

Денсаулық сақтау саласындағы құпия дереккөздің хабарлауынша, 7 қарашада полициямен қақтығыста ондаған адам жараланған. Бейсенбі күні наразылар саяси элитаны биліктен бас тартуға мәжбүрлеп, қыспаққа алған.

Бағдадта Шухад көпірі аумағында полиция наразыларға оқ атып, шамамен 35 адам жараланған. Полиция үкімет пен елшіліктердің ғимараты орналасқан ерекше қорғаудағы "Жасыл аймаққа" өтуге тырысқан наразылардың жолын жапқан.

Ирактың мұнайлы өңірі Басра қаласында полиция бірнеше аптадан бері қарсылық акциясын жалғастырып жатқан наразыларға оқ атып, кемінде төрт адам өлді. Ирактың өзге аудандарында да қақтығыс болғаны хабарланды. Иракта билікке қарсы акциялар бірнеше апта бұрын басталған. Наразылық басталғалы бері 200-ден астам адам қаза тапқан. Наразылыққа мұнайға бай мемлекеттегі жемқорлық, жұмыссыздық пен қоғамдық қызмет сапасының нашарлығы себеп болды. Ирак билігі наразылардың талаптарын ескеруге уәде беріп, наразыларға артық күш қолданғанын мойындаған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

313 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3