Атырау, 27 қараша 01:25
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресей билігі Архангельскідегі әскери нысандарды жояды

2 200 просмотра


8 қарашада Ресейдің қорғаныс министрлігінің мемлекеттік сатып алу сайтында  қару-жарақ пен әскери техника сақтайтын нысанды бұзу бойынша жабық байқау жарияланды. Келісімнің құны 87,5 миллион рубль деп көрсетілген.

Сереродвинскідегі N17 әскери қалашық пен Неноксадағы 09703 әскери бөліміне қарайтын N24 әскери қалашықтағы қару-жараққа утилизация жасағаннан кейін бұл нысандар босап қалған. Қандай қару-жарақ түрлеріне утилизация жасалғаны құжатта жазылмаған.

Байқау шарты бойынша, 2020 жылдың 10 қарашасына дейін нысан толық жойылуы тиіс.

Неноксада Ресейдің әскери-теңіз күштерінің сынақ полигоны орналасқан. 8 тамызда ондажарылыс болып, Ресей билігі "Росатомның" бес қызметкері, екі әскери қызметкердің қаза болғанын мәлімдеді. Ресми орындар "жарылыс радиоизотопты энергия көзінен шыққан" деп хабарлады. Бірақ қорғаныс министрлігі сынақ туралы толық ақпарат бермеді.

Северодвинскідегі жарылыстан соң аймақта радиация деңгейі 16 есеге ұлғайып, кейіннен қайта қалпына түскен.

Ақпарат құралдарының жазуынша, сәуле тиген екі адам кейінірек ауруханада көз жұмған. Архангельск облысы билігінің хабарлауынша, жарылыстан кейін зардап шеккендерді емдеген ауруханада дәрігерлердің бірінен радиоактивті цезий-137 элементі табылған. Бірақ шенеуніктер қауіпті элемент дәрігердің ағзасына тамақ арқылы түсті дейді.

Қазан айында АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейдің Архангельскі облысындағы полигонда болған жарылыс  Ақ теңіздің түбінен ядролық қондырғысы бар "Буревестник" зымыранын алып шығу кезінде болған деген қорытынды жасады. Азаттықтың Орыс қызметі ашық деректерге сүйене отырып, жарылыстың ықтимал себептерін анықтаған.

Дереккөз:Азаттық радиосы


10 қараша 2019, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.