Атырау, 27 қараша 03:32
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Эфиопияда наразылық акциясы кезінде қаза тапқандар саны 86-ға жетті

2 074 просмотра


Эфиопияда таяу күндері өткен наразылық акциясы салдарынан қаза тапқандар саны 86-ға жетті. Премьер-министр Абий Ахмед азаматтардан елдің дамуына кедергі келтіріп жатқандарға қарсы шығуға шақырды, - деп хабарлайды ENA агенттігі.  

Осыған дейін полиция 400-ге жуық адамды ұстағаны айтылған. Абий Ахмед үкіметтің азаматтарды және олардың мүлкін қорғау бойынша жауапкершіліктен қашпайтындарын айтты. Ол "Эфиопия тұрақтылығы мен бейбітшілігіне қауіп төндіретін" жандарға қарсы барлық әрекет жасайтындарын айтты.  Эфиопияда наразылық акциялары өткен аптада саяси белсенді Джавар Мохаммедтің билікті айыптауынан басталды. Соның салдарынан 86 адам қаза тауып, бірнеше мекеме тоналған. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

4 қараша 2019, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.