Атырау, 27 қараша 03:36
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Столтенберг: НАТО ұйымында терроризм қаупіне көп ұшыраған ел – Түркия

3 126 просмотра


НАТО бас хатшысы Столтенберг Түркия мен Сүрия арасындағы мәселеге байланысты пікір білдірді. Ол НАТО мүшелері арасында Түркияның терроризм қаупіне көбірек ұшырағанын айтқан. 

Батыстағы ықпалды басылымдарға берген сұхбатында НАТО бас хатшысы Сүрия мен Түркия шекарасындағы қақтығыстардың азайғанын, тараптар арасында мәмілелерге келу процесі жүріп жатқанын жеткізген. Столтенберг сөзінде Түркияның НАТО үшін маңыздылығына тоқталып, Түркияның ұйым ішінде терроризм қаупіне көбірек ұшыраған және террорлық топтарға қарсы көберек күрескенін айтқан. Айта кетейік, Сүриядағы әскери әрекеттерден кейін НАТО одақтастары АҚШ пен Түркия арасында қарым-қатынас нашарлап, бұған НАТО тарабы алаңдаушылық білдірген еді. Соңғы кездері НТАО ұйымы Түркияға қолдауды күшейтентінін аңғартуда. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

4 қараша 2019, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.