Атырау, 27 қараша 03:23
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Тайуан президенті АҚШ-тың қолдауына алғыс айтты

3 379 просмотра


Бүгін Тайуан (Тайвань) президенті Цай Иыңвын ханым Тайуандағы АҚШ қауымдастығының президенті Ричард Бушпен кездескен. 

Кездесуде белгілі болғанындай, соңғы бірнеше айда АҚШ Конгресі мен атқарушы билігі Тайуанның халықаралық байланыстарына белсенді қолдау көрсеткен, кеше ғана АҚШ Сенаты бірауыздан «Тайбей актісін» қабылдаса, бүгін Палатаның Сыртқы істер комитеті де Өкілдер палатасының нұсқасын қабылдаған. Ричард Бушпен кездесуде Цай ханым АҚШ Конгресінің қолдауына алғысын білдірген. 

Әрі, АҚШ-тың қолдауы Тайуандағы демократияның сақталуына, Үнді-Тынық мұхит аймағындағы бейбітшілік, тұрақтылықтың дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретінін айтқан. Тайуан президентінің пікірінше, Қытайдың дамуы мен ықпал көлемінің кеңеюі бостандық пен демократияға қауіп төндіреді. Ол және Тайуанның Тынық мұхиты мен Үнді мұхиты аймағының шекарасында орналасқанын, сондықтан да аймақтың бейбітшілігін, тұрақтылығын сақтауға бар күшін жұмсайтынын айтқан. 

Айта кетейік, Бейжің билігі Тайуанды ҚХР-ға тәуелді провинциялардың бірі деп көрсетуге тырысады. Әрі, Тайуанның басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуына шектеу қояды. Қытайдың экономикалық дамуы және ықпалының артуына байланысты Тайуанмен дипломатиялық қатынас орнатқан елдер саны жыл сайын азайып келеді. Соған қарамастан, Тайуан халықаралық аренадағы өз орнын сақтап қалуға күш салуда. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com


31 қазан 2019, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.