Атырау, 27 қараша 03:25
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Иран бір жылда 33 рет кибер-шабуылға ұшыраған

2 449 просмотра


Бір жыл ішінде Иранға 33 рет кибер-шабуыл жасалған. Бұл туралы сол елдің Байланыс және ақпараттық технология министрлігі мәлімдеді. Иран байланыс және ақпараттық құралдар министрі Мохаммад Жавад Жоһрамидың мәлімдеуінше кибер-қауіпсіздік қызметкерлері 2018 жылы 33 мәрте хакерлік шабуылды қайтарған. 

Ол және кибер-қауіпсіздік мәселелері мемлекеттер мен оның азаматтарының өмірінің басты мәселесіне айналып келе жатқанын айтады. Мюнхенде өткен кибер-қауіпсіздік тақырыбындағы конференцияда әлем елдерінің интернет қауіпсіздігіне бөлетін бюджеті жыл сайын еселеніп келе жатқаны мәлім болды. Алайда, мамандар мемлекеттердің кибер-қауіпсіздік мәселесін шешу үшін бұл қаражаттардың әлі де жетікілікті деңгейде емес екенін айтады. Иран тарабы осы конференцияда өздерін хакерлік шабуылдарға көбірек ұшыраушы ел ретінде атады. Ұлттық қауіпсіздіктің негізгі салаларының бірі ретінде Иран кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Dezhfa жобасын жүзеге асырғаны мәлім болды. Бұл жоба Иранның кибер-қауіпсіздікке бағытталған ұлттық жобасы саналады. Дербес 10 кешенді біріктірген жоба Иран кибер-қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп мәлімдеді Иран өкілдері. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

31 қазан 2019, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.