Атырау, 27 қараша 03:16
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мәскеуде Ингушетияның экстремизммен күрес орталығының жетекшісін атып кетті

2 106 просмотра


Ингушетияның экстремизммен күрес орталығының жетекшісі Ибрагим Эльжаркиевті Мәскеуде атып кетті. Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, Тропарево-Никулино ауданында оған шабуыл жасалған.

Baza басылымының жазуынша, қылмыскерді оқиға орнына көлікпен әкелген. Ол орталық жетекшісін атып, өлгеніне толық көз жеткізу үшін кетерінде тағы бір рет басынан дәлдеп тұрып атқан. Атыс кезінде Эльжаркиевтен бөлек тағы бір адам қаза тапты. Кейбір басылымдар бұл Эльжаркиевтің бауыры болуы мүмкін деп болжайды. Қылмыскерді ұстау операциясы нәтижесіз аяқталған. Кейбір дереккөздер күдіктінің қаладан қашып үлгергенін айтады.

Қаңтар айында Эльжаркиевке Ингушетия мен Шешенстан арасындағы шекаралық бекетке жақын жерде белгісіз топ шабуыл жасаған еді. Ол кезде шабуылдаушылар көлігіне оқ атқан. Екі полицей және қарапайым бір адам жараланған. Кейінірек жараланған полиция қызметкерінің бірі ауруханада көз жұмды. Эльжаркиевтің өзі ол кезде зардап шеккен жоқ.

ТАСС-тың жазуынша, ол Мәскеуге қызмет бабымен емес, жеке шаруаларымен келген. Ал Mash телеграм арнасы оның бұл жаққа іссапармен келгенін, бір қылмыстық іс бойынша негізгі куәгерді сотқа жеткізгенін жазады.

Өткен жылы шілде айында осы орталықтың бірнеше бұрынғы қызметкері "қызметтік өкілетін асыра пайдалану", "бопсалау" баптары бойынша түрлі мерзімге сотталған. Олардың бірі сотта жаңа басшы Эльжаркиев жергілікті тұрғындардың біріне қару-жарақ салып жіберуді талап етті деп айтқан.

Дереккөз: Азаттық радиосы 


3 қараша 2019, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.