Атырау, 27 қараша 03:19
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Украина Ресейден әскери кемелерін қайтарып беруді талап етті

2 546 просмотра


Украина сыртқы істер министрлігі былтыр қараша айында Қара теңізде басып алынған Украина әскери теңіз күштерінің кемелерін қайтаруды талап етіп, Ресейге нота жолдады.

Бұл ақпаратты Украина сыртқы істер министрлігінің басшысы Вадим Пристайко Киевте Эстония сыртқы істер министрі Урмас Рейнсалмен бірге баспасөз конференциясын өткізген кезде таратты.

Украина жолдаған нотада кемелердің координаттары мен қайтарылатын уақытын көрсету талап етілген.

Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Елена Зеркаль фейсбук парақшасында Украина Ресейге бұрын да осылай жеті рет талап қойғанымен жауап алмағанын жазды.

Біріккен ұлттар ұйымының теңіз құқығы бойынша халықаралық трибуналы биыл мамырда Ресейді Украина кемелерін қайтаруға міндеттейтін қаулы алған. Алайда Мәскеу бұл жағдайда трибуналдың заңдық күші жоқ деп есептейтінін білдірген. Мәскеу Украина кемелері Ресейдің теңіздегі шекарасын бұзды деп санайды.

2018 жылы 25 қарашада Ресей шекарашылары Украинаның Керчь бұғазы арқылы Азов теңізіне өтпек болған "Бердянск" және "Никополь" атты катерлері мен "Яны Капу" буксирін тоқтатқан еді. Кеменің 24 әскери қызметкері қамауға алынды. Олар 9 ай Мәскеу изоляторында отырып, қыркүйектің басында Украина мен Ресейдің «35-ке 35» формуласымен жасалған айырбас кезінде қайтқан. Алайда әскери кемелер Ресей қолында қалған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

5 қараша 2019, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.