Атырау, 4 ақпан 22:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

Барлық жаңалық

АҚШ: Пхеньянға қатысты БҰҰ шұғыл жиынын өткізудің мәні жоқ Әлемде

АҚШ: Пхеньянға қатысты БҰҰ шұғыл жиынын өткізудің мәні жоқ

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Никки Хейли Солтүстік Кореяның соңғы құрлықаралық баллистикалық зымыран сынағанына қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл сессиясын өткізудің "мәні жоғын" мәлімдеді. Хейлидің сөзінше, Солтүстік Корея БҰҰ-ның өзінің ядролық және баллистикалық зымыранға қатысты бағдарламаларына қарсы қарарларын елемей отырған кезде Қауіпсіздік кеңесінің Пхеньянға қарсы қабылдайтын кезекті әлсіз қарары "жағдайды нашарлатпаса, жақсартпайды". 31 шілде 2017, 09:52 2 385 рет қаралды
Досын құтқарып қалды Басқа жаңалықтар

Досын құтқарып қалды

Махамбет ауданы Таңдай ауылындағы алты жоғары сынып оқушысы жаз бойы балалар шомылатын Боқсақ каналына суға түсуге барады. Олар өз ептіліктері мен табандылықтарының арқасында жамандықтың бетін қайтарды.   31 шілде 2017, 11:04 3 260 рет қаралды
Гүлнара Каримоваға бірнеше бап бойынша айып тағылды - БАҚ Әлемде

Гүлнара Каримоваға бірнеше бап бойынша айып тағылды - БАҚ

Өзбекстанның экс-президентінің қызы Гүлнара Каримоваға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды, оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстанның ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасы мен бас прокуратурасына сілтеме жасап. 28 шілде 2017, 16:42 2 657 рет қаралды
Интим суреттері желіге тарап кеткен полицейге қатысты тексеріс басталды Қазақстанда

Интим суреттері желіге тарап кеткен полицейге қатысты тексеріс басталды

Учаскелік инспектор бейнеленді делінген интим суреттердің Желіде жариялану дерегі бойынша БҚО ІІД өкілдері тексеріс бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 28 шілде 2017, 16:25 4 433 рет қаралды
Уланған жұмысшыларды құтқару кезінде өлген азаматтар сот қызметкерлері болып шықты Қазақстанда

Уланған жұмысшыларды құтқару кезінде өлген азаматтар сот қызметкерлері болып шықты

Шығыс Қазақстан облысында жиналған белгісіз газдың салдарынан 4 адам көз жұмғанын бұған дейін хабарлаған едік. Кұдыққа түскен екі жұмысшы есінен танады. Үшінші жұмысшы көмек шақырып үлгерген. Сол маңда кетіп бара жатқан екі адам зардап шеккендерді құтқармақ болғанда өздері де қаза болады. Олар сот қызметкерлері екені белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 28 шілде 2017, 11:22 3 185 рет қаралды
Қазақстандықтар селфи арқылы кредит ала алады  Қазақстанда

Қазақстандықтар селфи арқылы кредит ала алады

Елімізде банк қызметін пайдалану үшін өз-өзіңді суретке түсіру міндеттелмек. Тек базадағы сурет пен селфи сәйкес келсе ғана қаржы операцияларын жүргізуге рұқсат етіледі екен. Банкирлер жаңа жүйе қулығына құрық бойламайтын хакерлерге қарсы тұра алады деп сендіріп отыр. Сәйкестендірудің жаңа түрін ресейлік қаржы ұйымдары сынақ ретінде енгізіп үлгерген. Олардың Қазақстандағы еншілес банктері де селфи сәйкестендіруді енгізуге қызу дайындалып жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 28 шілде 2017, 11:14 2 878 рет қаралды
Браудер: Путин - әлемдегі ең бай адам Әлемде

Браудер: Путин - әлемдегі ең бай адам

Британиялық Hermitage Capital инвестициялық қорының жетекшісі Уильям Браудердің пайымдауынша, "Ресей президенті Владимир Путин - әлемдегі ең бай адам". Қордың есебінше Путиннің байлығы 200 миллиард долларды құрайды. 28 шілде 2017, 10:52 3 132 рет қаралды
12 жастағы алматылық вундеркинд ҚБТУ грантын иеленді  Қазақстанда

12 жастағы алматылық вундеркинд ҚБТУ грантын иеленді

12 жастағы алматылық вундеркинд Абзал Мырзаш Қазақ-Британ техникалық университетінің грантын иеленді. Бұл туралы баланың әкесі Дәуренбек Нысанов Facebook-тегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 28 шілде 2017, 10:26 3 274 рет қаралды
Храм тауындағы қақтығыста жүздеген адам зардап шеккен Әлемде

Храм тауындағы қақтығыста жүздеген адам зардап шеккен

Иерусалимде Храм тауында болған қақтығыстан 113 адам жарақаттанған. Полиция Храм тауына өтпек болған мыңдаған адамдарға кедергі келтіру үшін көзден жас шығаратын гранаталар қолданған. Бірнеше жас жігіт Әл-Ақса мешітінің шатырына шығып, Палестина туын іліп кеткен. Кейін полиция бұл туларды алып тастаған. 28 шілде 2017, 10:24 2 256 рет қаралды
Доллар 450 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін бе? Қазақстанда

Доллар 450 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін бе?

Halyk Finance сарапшылары "доллар бағамы 420-450 теңгеге дейін қымбаттауы мүмікн" деп айтқандардың мәлімдемесін жауапсыздық деді. Соңғы уақытта теңгенің бірден құлдырап кетуі мүмкін екені жөнінде қауесеттер жиі тарала бастады. 28 шілде 2017, 10:17 2 593 рет қаралды
Қазақстан мен Мысырдың министрлері ұсталған қазақстандықтарға қатысты ахуалды талқылады Қазақстанда

Қазақстан мен Мысырдың министрлері ұсталған қазақстандықтарға қатысты ахуалды талқылады

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Мысыр сыртқы саяси ведомствосының басшысы Самех Шукримен телефон арқылы әңгімесі барысында алты қазақстандық азаматтың Каирде ұстап әкетілуі бойынша ахуалды талқылады, деп хабарлады бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 28 шілде 2017, 10:12 2 478 рет қаралды
Тергеуге алынған орынбасардың орнына жайғасты Басқа жаңалықтар

Тергеуге алынған орынбасардың орнына жайғасты

Амантай АЙТБАЕВ Атырау әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды. Ол «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК АҚ басқармасы төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 27 шілде 2017, 19:15 5 710 рет қаралды
Ердоған: Израиль бейбіт өмір сүргісі келсе, аймақты отқа итермесін Әлемде

Ердоған: Израиль бейбіт өмір сүргісі келсе, аймақты отқа итермесін

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ислам өркениетінің батыс тарапынан басып алынбаған жалғыз өркениет екенін айтты. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлайды. 27 шілде 2017, 12:34 1 914 рет қаралды
Қазақстанда дін мәселелеріне арналған жедел желі іске қосылды Қазақстанда

Қазақстанда дін мәселелеріне арналған жедел желі іске қосылды

Қазақстанда азаматтарға дін саласы бойынша кеңес беретін «114 жедел желі» - www.114.kz ресми сайты іске қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 27 шілде 2017, 11:42 2 689 рет қаралды