Атырау, 29 қараша 09:49
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ресейде сайлаушылар ереуілге шықты

1 372 просмотра


Алексей Навальныйдың мыңдаған жақтастары президент сайлауына бойкот жариялауға шақырды. Жексенбі күні, 28 қаңтарда, Манхэттендегі 91-і көшеде Ресейдің бас консулдығы орналасқан гимараттың алдында Ресейдегі президент сайлауына жіберілмеген үміткер Алексей НАВАЛЬНЫЙДІ қолдау акциясы өтті,- деп хабарлайды Ресейлік ВВС қызметі.

Сіркіреген жаңбырға қарамастан, митингке елуге шақты адам қатысты. Олар Ресей туы ілінген миллиардері ПУЛЬМАННЫҢ иелігіндегі ғимараттың кіре берісіне жиналып екі сағатқа жуық уақыт бойы ереуілдеді. Шара бейбіт түрде өтті, қатысушылар көшенің ар жағына сапқа тұра орналасып, #забастовка деген тақырыппен плакаттар ұстап тұрды.

Онда: "Бізге цирк керек емес!", "Бұл сайлау емес!", "Ешкімді таңдамаймын", "Stop Putin!", "Шынайы сайлау! Лайықты призиdент![sic]", "Өз өздеріңді сайландар!", - деген ұрандар жазылған.

32 жастағы новосібірлік экономист Михаил БАШАРИН акцияға сонау Филадельфиядан келген екен.

 «Санасы бар адамдар Ресейдегі былықтың барлығын түсініп отыр, - дейді ол. - Менің ойымша, Навальный қазіргі таңда жағдайды өзгерте алатын жалғыз ғана адам».

Алайда Башарин Навальныйды түбегейлі құптамайтынын, және оның кейбір идеяларымен келіспейтінін айтады.

«Мысалы, Қырым бойынша сұрақтан қашқақтай береді - маған бұнысы ұнамайды. Мен «Крымнаш» дегенге қарсымын. Бірақ, қалай дегенмен де, оны Ресейдегі жалғыз белсенді оппозиционер деп санаймын. Қалғандарының бәрі, менің ойымша, көзбояушылық».

Таңдау болса, Навальный мен СОБЧАК екеуінің қайсысына дауыс берер едіңіз?, - деген журналистің сұрағына ол былай деп жауап қатты:

«Собчактікі, жәй ойын сияқты! Әрине, Навальныйды таңдаймын!», - деді ол.

Еске сала кетейік, кеше, 28 қаңтарда Мәскеу, Санкт-Петербор, Архангельск, Владивосток, Воронеж, Калининград, Новокузнецк, Томск, Тольятти қалаларында наразылық акцияларын өткізуге рұқсат берілмегеніне қарамастан мыңдаған адам наразылық акциясына шыққан болатын. Арасында мектеп оқушылары да бар, олардың айтуынша, Алексей Навальныйдың «Он вам не Димон» атты фильмін көргеннен кейін оларда саясатқа деген қызығушылық пайда болған.

Наразылық акциясына қатысушылар Ресейде 18 наурызға белгіленген президент сайлауына бойкот жариялауға шақырды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, жалпы жексенбі күні 250 адам қамауға алынған. Чебоксары мен Уфа қалаларында 50 шақты адам ұсталды.  Вологда, Владимир, Якутск қалаларында жиналғандарға құқық қорғау органдар тарапынан еш қысым көрсетілмеген.

Ал Навальныйдың өзі бұның алдында тұтқынға алынған болатын. Бірнешен сағаттан кейін полиция оны бостандыққа жіберді.

Дереккөз: ratel.kz

29 қаңтар 2018, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.