АҚШ билігі Қытай тарапынан болуы мүмкін кибершабуылдың алдын алу үшін 5G жоғары жылдамдықтағы қорғалған мобильді желісін құру мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлады Axios ақпараттық порталына сілтеме жасаған ТАСС.
«Қытай желілік инфрақұрылым өндірісі мен басөқаруында басымдыққа ие (…) аталмыш желіні құрудан бас тарту ақпараттық алаңда Қытайдан үнемі артта қалуға алып келеді», - делінген АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің құпия материалдарында.
Сондай-ақ, «аталмыш талпыныс (5G желісін құру - ҚазТАГ) дамушы елдерге Қытайдың жаңғырған отаршылдық әрекетіне қарсы тұруға көмектеседі».
Жоба 3 жылда 5G орталықтандырылған желісін құруды қарастырады. Оны жүзеге асырудың екі нұсқасы қаралуда – ондай желіні үкіметтің күшімен құру немесе оны америкалық ұялы байланыс операторларына жүктеу.
Америкалық үкімет бірінші нұсқаны барынша дұрыс деп танып отыр, алайда екіншісі «қаржы жағынан барынша арзанырақ» болып отыр.
Америкалық басшылық пікірінше, аталмыш желі ұшақсыз тік ұшақтар мен виртуалды шындық секілді болашағы бар технологияларды қауіпсіз ету үшін, сондай-ақ Қытай тарапынан төніп тұрған экономикалық және кибернетикалық салалардағы қауіптерге қарсы тұру үшін керек. Құжаттарда аталмыш жобаны құру XX ғасырдың екінші жартысында Дуайт Эйзенхауэр президенттігі кезіндегі АҚШ-та штатаралық көлік магистралі жүйесін құрумен салыстырылып отыр.
Дереккөз: kaztag.kz