Атырау, 26 қараша 13:47
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жұмыс жетеді

4 412 просмотра


10 мыңнан астам шетелдік мамандар 2018 жылы Атырау облысынан жұмыс жасауға рұқсат алды. Бірақ қанша және қандай жұмыс үшін оларға ақша төленіп отырғанын білуге өз заңдарымыз кедергі келтіреді. Осы және басқа да көптеген мәселелер туралы «АЖ» тілшісі облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВПЕН сұхбаттасты.

КІМ ҚАНША АЛАДЫ?

- Атырауда қазақстандық қызметкерлерді алалау, оларға бірдей еңбек үшін жалақы мөлшері он есе айырмашылықпен төленетіні туралы «аңыз» таралған. Сіздің ведомоство мұндай фактілерді тіркеді ме?

- Біз басқа себептер бойынша, мәселен, іссапар шығындарын төлемеу туралы шағымға тексеру жүргізген кезде қаржылық құжаттардан сәйкессіздіктер көре аламыз. Бірақ мұндай сәйкессіздіктерге қатысты тек қазақстандық жұмысшының тиісті шағымы болған кезде ғана тексеру жүргізуге құқылымыз. Алайда мұндай шағымдар түскен жоқ.

- Шағым сол компанияда жұмыс жасайтын адамнан түсуі керек пе?

- Міндетті түрде, домалақ арыздар қаралмайды немесе біз прокуратураның тапсырмасымен белгілі бір кәсіпорынға тексеру жүргізу аламыз.

- Бұл да жеке шағымның түсуімен қаралады. Бірақ мұндай шағымдар түспейді ғой: ешкім де өз жұмысын қатерге тіккісі келмейді.

- Иә, менің тәжірибемде мұндай шағымдар болған жоқ. Біз бірде бірнеше компаниядан еңбекақы қорына қатысты штаттық кестені сұраттық. Ол жерде: инженер мынадай, орта персонал – мынадай сома алады деп көрсетілген. Ол жерде Петер мынадай, ал сол лауазымдағы Олжабай мынадай алады деп көрсетілмеген немесе «коммерциялық құпия» деп жазады да, бізді қандай негізде тексеріп отырсыздар деп сұрайды. Өздеріңіз білесіздер, біздің қазіргі басымдығымыз бизнесті қорғау. Өткен аптада ғана біз осындай кезекті жауапты алдық – бізге қандай жалақы төленетіндігі туралы тек кестені ғана берді, болды. Біреулері 900 мың теңге алса, ең төменгісі – 130 мың теңге. Бұл жұмысшылардың жалпы саны бойынша.

- 130 мың теңгені жергілікті кадрдың жалақысы деп болжау қисынды шығар.

- Бәлкім, басшылық лауазымдағы қазақстандық 900 мың теңге алатын шығар, нақты білмейміз.

- Яғни, сіз кодексті құрметтейсіз, бірақ қазақстандықтардың аяқ-қолдары өз заңдарымызбен байлаулы, кез-келген жағдайға мойынсұнуға мәжбүр жағдайда қалған.

- Біз мемлекеттік орган ретінде мониторинг жүргіземіз, ішкі әлдебір ресурстарға қатысты осындай мәліметтер алсақ, ресми сауал жолдап, жауап ала аламыз.

- Менің ойымша, олар сізге «бұл дұрыс емес» деп жазады да, хат алмасу осымен аяқталады. Бұл мәселе бойынша объективті көрініске ие болуға мүмкіндік бар ма?

- Зейнетақы аударымдары бойынша ғана болады.

- Бірақ бұл біздің халқымыз үшін ғана ғой.

- Иә, бірақ жалақының жалпы қоры анықталса, сол жерден қызметкерлер санын, аударымдар мөлшерін және қалғаны – шетелдіктерге қаншадан келетінін есептеуге болады. Бірақ бұл біздің құзырымызда емес.

БІЗГЕ КІМДЕР КЕЛЕДІ?

- Бірнеше жыл бұрын біз екі еуропалық «инженердің» жалған дипломды адамдар боп шыққаны туралы, бірақ осы жердегі бірлескен кәсіпорындардан ай сайын орташа алғанда 6-7 мың доллар алып тұрғаны туралы қызықты факті туралы жазған едік. Сіздер білімі мен тәжірибесі туралы құжаттардың сәйкестігін тексересіздер ме? Соңғы кездері осындай өрескел фактілер кездескен жоқ па?

- Бұл мәселедегі кез-келген сәйкессіздіктің өзі сорақы факт, яғни ол оқып үйренбеген жұмысты орындайды. Жұмыс беруші квота рәсімдеген кезде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне шетелден әкелінетін жұмыс күшіне барлық қажетті құжаттарды: жұмыс өтілі, дипломдар, сертификаттар және т.б. ұсынады. Тиісінше, біз ішінара тексерулер аясында прокуратурамен келісілген жоспар бойынша оларды тексереміз. Осындай тексерулер кезінде дипломдардың сәйкессіздігі анықталады. Өткен жылы SinopecFluor, QEDInternational компанияларында осындай фактілер анықталды. Бастапқыда адамдар бір лауазымға өтініш береді де, кейіннен анағұрлым жоғары лауазымдарда - менеджерлер, супервайзерлер, учаске шеберлері... болып жұмыс істейді.

Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшінің қазақстандық жұмыс күшімен ара қатынасының сақталмау фактілері де бар. Сол компанияларда. Халықты жұмыспен қамту туралы заң бұзушылықтар көп анықталды. Егер бос орын пайда болса, заң бойынша олар жұмыспен қамту органдарына бұл туралы 3 күн ішінде хабарлауға міндетті. Бірақ мұны жасамай отыр.

- «Сәйкес емес» мамандар қай елдерден келген және олар бүгінде қайда?  

- ЕО, Түркия, Үндістан елдерінің азаматтары... Олардың жұмыс рұқсаттары жойылды.

- Олар елден кетіп, осы жұмыс орындары босады ма?

- Иә, рұқсаттар (квота) қалады, жұмыс берушілер олардың орнына басқаларын алады.

- «Асүйдегі» әңгіме кезінде NCOC компаниясы жиі ауызға ілінеді: мұнда біліктіліктігі сәйкес келмейтін мамандар түрлі лауазымдарға ие деседі.

- NCOC-қа біз өткен жылы, штаттар оңтайландырылғаннан кейін арыз бойынша тексеру жүргіздік.

- Сол кезде компания қанша адамды жұмыстан шығарды?

- 200-ге жуық қызметкер босатылды. Бағдарлама бойынша, оларға өтемақы төленді, біреулері несиеден босатылды. Олардың бәрі уақтылы хабардар болған, келісімдерін алып, әр қызметкер қол қойған. Басқа мәселе - қысым жасалған деген әңгімелер болды, бірақ біздің құзырымыз жоқ, біз тергеуші емеспіз ғой. Әрине, біз де белгілі бір мамандардың атқаратын лауазымдарына сәйкес келмейтінін естиміз, егер мұндай арыз түсетін болса, анықтай аламыз. Біз арыз ауқымынан тыс шыға алмаймыз.

- Шетелдіктер өз мүдделерін қорғауды сұрап, жиі жүгіне ме?

- Ондай болған жоқ. Олар әдетте бәрін өздері өзара шешеді. Шетелдіктің жалақысын ала алмаған бір жағдай болды: түрік азаматы мен түрік компаниясы. Қазір олар соттасып жатыр. Өткен жылы барлық жалақы бойынша берешек көлемі 169 миллион теңгені құрап, 93 миллионы төленді.

- Ал жақын шетел азаматтары ше? Өзбекстандықтар мен қарақалпақтардың көбінесе елімізде тең емес жағдайда жұмыс істейтіндігі құпия емес.

- Бізде заңсыз жұмыс жасау кең дамыған. Құрылыс саласында ғана емес, тіпті, қызмет көрсету саласында да еңбек келісімшарттары жасалмайды. Сонымен бірге, зейнетақы жүйесі қазір өтілге толықтай байланысты екенін еске салғым келеді. Еңбек шартын және аударым жасамайтын адамдарға өтіл есептелмейді.

- Ендеше жұмыс берушінің жауапкершілігін күшейту қажет қой.

- Жазалау шаралары үшін айыппұлдар қарастырылған, оған қоса, мәселен, компанияны тендерге қатысудан шектейді.

- Қазақстанның оңтүстігінен немесе Өзбекстаннан келгендер ақшасын төлемеген жұмыс берушіні осылай жөнге сала ала ма?

- Өкінішке орай, бұл мәселенің екінші жағы. Егер еңбек келісім-шарты, бұйрық, еңбек кітапшасы жоқ болса, мұнда жұмыс істегенін дәлелдеу мүмкін емес. Жалақысын қолма-қол ақшамен алады, картасына салынбайды. Мұндай жағдайларда ақшаны өндіре алмаймыз. Жалғыз үміт - сотқа жүгіну.

ЖҰМЫСТАҒЫ ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙ

- Сіздерде қауіпсіздік техникаларын сақтамауға байланысты да жұмыстар көп шығар?

- Әрбір жұмыс беруші бізге жұмыстағы жазатайым оқиғалар туралы хабарлауға міндетті. Ауырлық деңгейіне қарай біз тергеу жүргіземіз. Өткен жылы 49 оқиға тіркелді, олардың 12-сі өлімге әкелді. Негізінен адамдар құрылыс алаңдарында қаза болады. Бұлар көбінесе өзбектер. Жастар каникул кезінде табыс табуға шығады, ешқандай келісімсіз, ештеңесіз жұмыс жасайды. Тергеу барысында жұмыс берушінің жауапкершілігін анықтаймыз. Еңбек шарты болмаса, бұл 100 пайыз жұмыс берушінің кінәсі.

- Осының салдарынан кез-келген жұмыс беруші өз нысанындағы өлім туралы хабарламайды деп болжауға болады.

- Мұндай жағдай болды. Мен 2016 жылы осында келгенде, жасыру фактілері көп болды. Біз «жедел жәрдемнен» мәліметтер ала бастадық, адам жұмыста өлді ме, әлде басқа жерде ме, солар тіркейді ғой. Олар бізге үнемі хабардар етіп отырады. Ал біз осы жағдайлардың арасында «өзіміздікін» оңай тауып аламыз.  Жасыру, тергеуді қамтамасыз етпеу - бұл жұмыс беруші үшін қылмыстық жауапкершілік.

- Бұл, негізінен жеке нысандар шығар?

- Негізінен, иә.

- Бұрын Теңізде үнемі жұмысшылардың өлетіні көп айтылатын. Соңғы жылдары мұндай фактілер болды ма?

- Болды. Тергеу жүргіземіз. Негізінен, бұл денсаулықтың нашарлауынан - жүрек жеткіліксіздігінен, тағы сол сияқтылар. Біз сырқат тарихын, алғышарттар, созылмалы аурулардың бар-жоғын тексереміз.

- Денсаулықтың нашарлауы белгілі бір жағдайларда нысандағы жұмыс нәтижесінде туындағанын қалай дәлелдеуге болады?

- Бұл медициналық қорытынды бойынша жасалады. Біз тергеу жүргіземіз, нәтижелерді ІІД-ге тапсырамыз, тоқтату керек пе, әлде сотқа беру керек пе, сол жерде шешіледі. Егер адам біздің тергеу нәтижелерімізбен келіспесе, оның өзі сотқа жүгінеді.

- ТШО-да өлім фактілерінің орын алғанына көп болды ма?

- Өткен жылдың мамыр айында тарихта тұңғыш рет олардың қызметкері зауытта қайтыс болды. Былай болған: газ анализаторы құрылғысының операторы өзінің әдеттегі жұмысын орындап жатқан, бірақ ол ауыр дюралюминий қақпақты құрылғыдан алу кезінде ол үлкен күшпен бетіне соғып, ұшырып түсірген. Жас жігіт осы жерде қайтыс болды. Сонымен қатар, қауіпсіздік техникасы сақталған - өндіруші зауыттың технологиялық ықтимал штаттан тыс жағдайларды қарастырмағаны анықталды. Қайтыс болған адамның отбасына өтемақы төленді. 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

29 қаңтар 2018, 13:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.