Байқоңырда екі адамды ұрлап, оларды қоймада қинап ұстаған ресейлік азамат сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
38 жастағы Ресей азаматы 10 жылға ерекше режимдегі түрмеге қамалды. Ер адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған.
Қылмыс 2021 жылы болған. Ол зардап шеккендерді заңсыз ұстап, соққыға жыққан. Нәтижесінде олардың біреуінің денсаулығына ауыр зиян келген.
Істі тергеуді Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешеніндегі тергеу комитеті және Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел бөлімшелері бірлесіп жүргізді.