Атырау, 30 қазан 20:29
 дождьВ Атырау +17.8
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63

Тоқаев Құрлық әскерлерінің жаңа бас қолбасшысын тағайындады

790 рет қаралды

 Мемлекет басшысының өкімімен Құрлық әскерлерінің жаңа бас қолбасшысы болып Мереке Күчекбаев тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды;

Ержан Уақасұлы Ыбыраев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды;

Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

26 қараша 2024, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.