Атырау, 26 қараша 15:28
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Махамбет ауданындағы көпірден ақау шықты

95 просмотра

Көпірдің екі жақ бетінде полиция ауыр жүк көліктерін өткізбей тұр. Тек ауылдарға баратын шөп тиеген көлік немесе водоздарға ғана рұқсат берілген. 

- Бүгінде техникалық зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Мердігер компания қызметкерлері келіп кеткен. Дәл көпірдің орта жеріндегі белдіктің ығысқаны белгілі болды. Басқалай қауіпті ештеңе байқалмай тұр. Көпірдің екі жақ бетіндегі түсер жолы да отыра бастаған. Осының бәрін желтоқсанның аяғына дейін техникалық қызметкерлер қаншалықты жөндеу қажеттігін анықтап береді. Сол бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық жобасы жасалады, - дейді Махамбет ауданының әкімі Қайрат НҰРЛЫБАЕВ

2018 жылы пайдалануға берілген көпір аудандық ТҮКШ бөлімінің балансысында есепте тұр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 13:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.