Атырау, 29 қараша 09:33
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Парижді су басып жатыр

2 193 просмотра


Францияның бірқатар өңірлерінде су тасқыны туралы ескертулер жарияланды. Сена өзеніндегі су деңгейі тоқтаусыз көтеріліп жатыр. 

Су тасқыны жексенбіден дүйсенбіге қараған түні ең жоғары деңгейіне жетеді деп күтілуде. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі хабарлады.

Тіпті бір айға жалғасқан күшті жаңбырдан соң өзен деңгейі 5,78 метр белгісінен асып кеткен. Осы түнде синоптиктер оның көтерілуі 5,9 метрге жетуі мүмкін деп болжап отыр. 

Дегенмен бұл 2016 жылы болған су тасқынынан кем (6,1 м)  және 1910 жылы тіркелген тарихи рекордтан (8,62 м) едәуір төмен. Сенадағы кеме қозғалысы уақытша тоқтатылды.  Су басу қаупіне байланысты астаналық өңірден 1500 адам эвакуацияланды. Парижде метроның бірнеше стансасы жабылды.  

Дереккөз: inform.kz

29 қаңтар 2018, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.