Қытайдағы Таоюань қаласында мұнай өңдейтін зауытта жойқын жарылыс болып, соңы өртке ұласты. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, апат салдарынан адам шығыны болған жоқ.
Бірақ қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келуі мүмкін. Өйткені өрт кезінде көк аспанды қара түтін тұмшалаған.
Кәсіпорын басшылығы жарылыс 25 желтоқсаннан бері жөндеуде тұрған құрылғыны қосқан сәтте болғанын айтады. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, отқа оранған кәсіпорын Тайваньның солтүстігінде орналасқан. Зауыт басшылығы болса қоршаған ортаға келген зиянның өтемақысы ретінде жергілікті әкімшілікке 30 мың тайвань доллар төлепті.
Дереккөз: 24.kz