Атырау, 29 қараша 09:41
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Бразилияда түнгі клубқа жасалған шабуыл құрбандарының саны артты

1 832 просмотра


Соңғы мәлімет бойынша, 18 адам ажал құшқан. Марқұмдардың дені – әйелдер. Оқиға 27 қаңтарда елдің солтүстік-шығысындағы Форталеза қаласында болды. 

Мұнда қарулы топ түнгі клубқа басып кіріп, бей-берекет оқ атқан. Артынша, ізін суытып үлгерген. Оларды бұл әрекетке не итермелегені әлі белгісіз. 

Кейбір мәлімет бойынша, бұл есірткі саудасымен айналысатын топтар арасындағы қақтығыс болуы мүмкін. Шабуылға нақты неше адамның қатысқаны да әзірге беймәлім. Жергілікті билік қастандықтың жіті дайындалғанын айтады.

Дереккөз: 24.kz

29 қаңтар 2018, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.